Арнайы мектептегі оқыту процесі

Жоспары:

1. Арнайы оқыту процесіне сипаттама

2.Арнайы оқыту процесінің ерекшіліктері

3.Арнайы мектеп оқушылардың білімін тексеру

4. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні

5. Арнайы білім беру мазмұны Түсініктер: оқыту, білім беру, оқу, дидактика, таным.

1. Оқыту процесі туралы түсінік Арнайы педагогиканың дидактикасы – мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мен оқыту, оның заңдылықтары, принциптері, әдістері мен оқу процесін ұйымдастыру формаларын зерттеумен айналысады және оқытудың динамикасын көрсете, барлық өзгерістерін ашып, білім берудің мазмұның қамтиды. Дидактика нысаны – тұлғаның білім алуда, жаң-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс әрекеттер жүйесі. Ал дидактика пәні оқыту мен оқу процестерін зерттейді. Оқыту процесінде арнайы мектеп оқушылары арнайы білім беру мазмұның меңгереді. Түзетушілік жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушы бойында еңбекке баулу, ең бастысы қоғамдық өндіріске қатысуға мүмкіндік беретін икеммен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады, қоғамға бейімделуге жағдайлар қамтамасыз етіледі.. Арнайы педагогикада оқыту, білім беру, оқу, білім алу арнайы мектеп оқушыларының қоғамдық мәнін міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты педагогикалық процес тұрғысында сипатталады. Арнайы мектептегі оқыту үш міндет атқарады, олар: білім беру, тәрбиелеу, түзету-дамыту. Арнайы білім беру мен оқытудың бойында мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды жан – жақты дамыту мен кемістікті түзетуге қуатты жағдайы бар. Осы жағдайларды ашу және жүзеге асыру – арнайы білім беру мен оқыту теориясының маңызды міндеті. Педагогика ұлы орыс физиологтары И.М.Сеченов пен И.П.Павлов жасаған жоғарғы жоғарғы жүйке жүйесінің іс-әрекеті жөніндегі алдыңғы қатарлы материалистік ілімге сүйенеді. Жүйке жүйесінің қызметінің шартты рефлекторық теориясы оқушылардың таным процесінің және олардың қоғамдық негізінің дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ал, оқыту процесі – оқушының қоршаған әлемді тану процесі. Оқыту процесінің бұл белгісі оның адамның таным іс-әрекетінің басқа түрлері мен формалары ұқсастығын білдіреді. Оқыту – арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Оқыту құрылымының ойын, көркем- бейнелеу, еңбек және басқа да іс-әрекеттерден мәндік айырмашылығы болады.

2.Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері Дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесі көптеген ғалымдарды қызықтырған (А.Г. Басова, Т.А. Власова, В.В. Воронкова, А.П. Гозова, И.С. Грошенков, А.И. Дьячков, И.Г. Еременко, А.П. Ермаков, С.А. Зыков, Т.С. Зыкова, В.Г. Петрова, Т.В. Розанова, И.М. Соловьев, Ж.И. Шиф и др.) Қазіргі арнайы педагогика оқытуды адамның танымдық іс-әрекетінің түрі ретінде сипаттайды. Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық – тарихи тәжірбиесімен танысады, зерттейтді, қоршаған әлемді таниды. Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар. Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтарының нәтижесінде пайда болған танымдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында. Екіншісі, адамның қалыптасқан іс-әркеттердің түрін, құрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады. Оқыту арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да заңдылықтардың негізінде қалыптасқан және дамудың қарқынын үдетеді. Оқыту процесінің құрылымы таным процесінің негізгі кезендеріне сәйкес келеді: — сезіммен қабылдау, — абстрактілі ойлау, — тәжірибе. Оқытуда келесі құрылымдылық бөлімдерді ажыратуға болады: оқу материалын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, меңгерілген білімді тексеру бағалау, әр қайсысы бір бірімен тығыз байланысты. Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын баяндау процесінде оқу материал қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру қажет. Қабылдау біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден қабылдау алдынғы меңгерілген білімге негізделеді. Соңымен, қабылдау бір мезетте нақтылы танымдық процестің бастамасы және таным арқылы меңгергенің қорытындысы. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері: баялулығы, аз көлемі, шартыкештігі, шынайлықтан шеттеу немесе бұрмалап қабылдауы. Мұндай ерекшеліктері шынайы қабылдаудың толықтығын, нақтылығын және барабарлығын қамтамасыздандыруға бағытталған, арнайы құралдар мен тәсілдерді пайдаланудың қажеттілігін аңықтайды, нақты: — күрделі оқу материалы бөлемдерге жіктеледі; — оқыту үрдісі баяу өтеді; — оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасалады; — оқушыны өзінің қабылдау нәтижесін талдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді; — сақталған, сау анализаторларға сүйену қажеттелігі. Оқу материалын саналы меңгеру – бұл күрделі процес, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын еңгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анық айқылданған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие. Саналы түсінуге ((талдау, жинақтау, қорытындылау) қажетті ойлау операциялары толық жетілмеген. Сонымен қатар, заттар туралы ұғым түсініктері,сол заттарды тікелей қабылдау барысында немесе олармен әрекет жасауда туындайды. Сондықан да, аталмыш балаларды оқытуда білім, икемділік және дағдының жинақталуы маңызды орын алады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы меңгеруі арнайы ұйымдастырылған түрінде өтеді. Оның негізгі түрі – балалар өзінің танымдық жинақтауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жұмысының маңызды кезеңі – нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететің арнайы құралдар пайдалану болып табылады. Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдын бірі. Бекіту – меңгерілген білім мен икемділіктерді мақсатты түрде пайдалану. Білм мен икемділікті біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (бетті, қолды жуу, мезгілімен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машықтанады. Бекіту есте сақтау негізінде жүреді. Бала меңгергенің есте сақтай алмаса, қабылдағаның сезіне алмайды. Дамуында кемістігі бар балалардың қайта жаңғыртуында бұрын меңгерген білімі сақталмауы мүмкін. Бұл жартыкештікке, жүйелісіздікке, жеткіліксіз түйсіну, механикалық меңгеруге әкеліп соғады. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материал дұрыс толық талқыланып, құрам бөліктерге жіктеленген болуы тиіс. Арнайы мектептегі мұғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсінілмей қалмауын және барлық жүйеден бөлінбеуін мұқият қадағалауы тиіс. Қайталау процесінде түзету, бекіту және толықтыру қате меңгерілген білімді жәнен әрекет тәсілдерін қатйта құру жүзеге асырылады. Білім, икемділікті қолданудағы ерекшелік олар арасындағы бірлестіктін қалыптаспауы. Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде машықтануын дағды деп атайды. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ( құрамдары ) ғана машықтанады. Ал арнайы мектепте білім, икемділік меңгерумен дағдыларды қалыптастырудағы қиындық көптеген жағдайда балалар дамуындағы кемістіктерге тәуелді. Бұл жерде арнайы шараларды қолдану қажет, білімді меңгеру мен тәжірибеде қолданудың бірлігін сақтау (негізінде практикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асады), оқытудың өмірмен, тәжірибелік іс әрекетпен байланысын қамтамасыз ету, меңгерген білімді іс тәжірибеде пайдалану үшін әрекет маңызды. Осыған байланысты, арнайы мектептерде білімді қайта жаңғыртуға және білім мен практикалық әрекет арасындағы байланысты анықтауға бағытталған түзету құралдары мен тәсілдерін пайдаланылады. Сонымен арнайы мектептегі оқыту процесі жалпы мектептегі сияқты заңдылықтар негізінде өтеді. Бірақ та, оқушылардың дамуындағы кемістіктер оқытудың ерекше сипатын білдіреді. Біріншіден оқытудың барлық кезендерінде затты-көрнекі бағытында әрекет жасау; Екіншіден танымдық әрекетке арнайы педагог тарапынан басшылық етуін талап ету, өйткені балалар мұғалімнің көмегін үнемі қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *