Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау


Негізгі ұғымдар: педагогикалық қолдау, гуманистік парадигма, тұлғаның субъектілігі, ашық ақпараттық кеңістік, білімдік кеңістік, тұлғаның өзіндік үдерістері, өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету. Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын көрсететін миссиясы. Педагогикалық қолдаудың мәні – оқушының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген тұлғаның субъектілігін қалыптастыру.
Баланың танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуі үшін ашық ақпараттық білімдік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету.
Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.) Оқушыларда тұлғалық өзін-өзі жетілдіруге мақсатты бағытталған өзін-өзі рефлексиялау туралы ұғым қалыптастыру.
Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғааралық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагогикалық әдеп және т.б.) Тәрбиешінің кәсіби ұстанымын педагогикалық қолдау нормасында бейнелеп көрсету. Қолдаудың тактикасы: «қорғау» тақтикасы, «көмектесу» тактикасы, «ықпал ету» тактикасы, «өзара әрекеттесу» тактикасы. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *