Психологиялық өлшем теориялары

Психологиялық өлшем теориялары.

Жоспар

1.Психологиялық өлшем түрлері.

2.Тест және өлшеу теориялары.

3.Психофизика. Сезімталдықты зерттеу әдістері.

 

Өлшем жеке өзі зерттеу әдісі тәжірибенің бір бөлігі ретінде қолдануы мүмкін. Субъектінің іс әрекетін жеке айырмашылықты таңдап алу үшін өлшем жеке әдіс ретінде пайдаланады. Тәжірибе контекстіне зерттеу объектінің көңіл күйін тіркейтін әдіс ретінде қосылып, өзгеріп отырады. Өлшем теориясының негізінде психологиялық тестер құрылады. Тест-психологиялық өлшемнің уақытпен қысқартылған, өте жай түрде жасалған, практикалық есептің шешуіне арналған жұмыс.Психологиялық өлшемнің мәні қандай? Психологияда психологиялық өлшемнің үш негізгі жұмысын анықтайды. Айырмашылық негізі болып, өлшем объектісі болады. Біріншіден, психолог бір адамның екінші адамнан айырмашылығың іс әрекетінің ерекшеліктерін өлшей алады, зерттеуге алынғанның психологиялық өлшемі болып табылады. Екіншіден, зерттеуші зерттелетін өлшем ретінде объектінің сыртқы бейнесін бағалайды. Бұл жұмыс көбінесе стимулды өлшем болып табылады. Үшіншіден, стимул мен адамдар ісінің қосылған өлшемі.

Бұл кезде стимул мен адамдар бір осьте жайғасады. Психологиялық өлшем психологиялық тәжірибеден айырмашылығы аз сияқты. Бірақ психологиялық тәжірибе жүргізгенде бізді себеп байланысы қызықтырса, психологиялық өлшемнің нәтижесі зерттеушінің бір класқа бөлінуі болып табылады. Психологиялық өлшемді жүргізетін зерттеуші емес, психологиялық тәжірибенің барысында зерттеуші өткізеді, өлшем приборының ролін зерттеуші атқарады. Психологиялық өлшемнің жұмысы бірнеше бөліктерден тұрады. Психологиялық өлшем негізі болып математикалық өлшем теориясы есептеледі. Қазіргі кезде-математикалық психологияның үлкен бөлімі. Математикалық көзқараста белгіленген көптеген объект пен символ (сан) бір-бірімен қарым-қатынасы беріледі. Символ (сан) анық бір ережелермен заттарға жазылады.Осы ережелер өлшем шкаласын анықтайды. Шкала (латын сөзі- саты) тура мағынада өлшем приборы дегенді білдіреді.Қазіргі кезде өлшем деген әрбір функцияның конструкциясын түсінік ретінде қолданады. Негізгі бірнеше шкала типтері бар: атау, рет, интервал, қатынас.

2. Психологияда көптеген нақтылы өлшем әдістемелері қолданады. Әртүрлі негіздемеде психологиялық өлшем мынадай классификацияға бөлінеді:

1. берілген өндірілмеген жиын жұмысы;

2. өлшем заты;

3. шкала түрі;

4. шкала материалының типі;

5. шкала моделі

6. өлшем саны

7. «жиын» күші

8. индивид жаубының типі

9.олар қандай детерминистік немесе сенімділік.

Тәжірибе өткізетін психолог үшін өлшем заты және берілген жиынтық болып табылады.

Мынадай әдістер жиі қолданылады:

1. Ранжирлеу әдісі. Барлық объектілер зерттелушінің көз алдында көрініп, өлшеміне қарай ретке келеді.

2. Бірдей парлап теңестіру әдісі. Зерттелушіге парлап объектіні көрсету. Зерттелуші бір-бірінің ұқсастығын бағалайды.

3. Абсолюттік бағалау әдісі.Стимулдар бір-бірлеп беріліп зерттелуші стимулға баға береді.

4. Таңдау әдісі. Жеке тұлғаға бірнеше объектілер беріледі, соның ішінен критерийге сай келетінін анықтайды.

Өлшем затына қарай әдістер мына түрге бөлінеді

а) объектілерді шкалаландыру әдісі

б) индивидті шкалаландыру әдісі

в) біріккен объект пен индивид әдісі

Объектіні шкалаландыру әдісі тәжірибелі немесе өлшем жұмыстарының контекстінің құрылысына кіреді. Маңызына байланысты зерттелушінің мақсаты болмайды, зерттелушінің мақсаты тәжірибе болып келеді. Зерттеуші бұл мақсатты зерттелушінің іс әрекетін айшықтауға, психикасын анықтауға қажет.

Субъектіні шкалаландыру зерттелуші өлшеу приборының орнына алады, ал зерттеушіні «өлшем» ерекшеліктері аз қызықтырады.Субъектіні шкалаландыру парадигмасы психология облысына психофизикадан өткен.

Бірақ сақталып қалған әдістер бойынша субъективті шкалаландыру техникамен модел іс әрекетінің өлшемімен бір бөлімде қаралады. Осындай жағдайда «объектіні шкалаландыру» мен «жеке адамды шкалаландыру» ұқсас математикалық аппарат қолданылады. Біріккен шкалаландыру моделіне тоқтасақ, екі топқа бөлінетін бұл модель объект пен жеке индивид өз ойларын айтқан кезде бір шкала өлшемді көрсетеді. Кумбс ашылу әдісі объект пен индивид бір мөлшердегі шкала да болуы қажет. Индивид бір объектіні басқа объектіге ауыстыруы мүмкін. Индивидтің «идеалды нүктесі» болады,-бұл субъективті эталон. Ал индивид сол субъективті эталонға жақын стимулды таңдап алады.

Өлшем мынадай болады.

Зерттелушіге стимулды жұптарын көрсету керек. Стимул размері m x h (m-стимул, h-индивид) матрица жиілігі жасалады.

Гутманның шкалограммалық анализі сұрақтарды құрауға пайдаланады.Көбірек кезде ол зерттелушінің жауабында қолданылады. (я- жоқ, шешілді-шешілмеді). Егер индивид есепті шығарып отырса, ол жеңілірек есепті шығарады. Есеп дұрыс есептелмесе «1» деген санмен белгіленіп, ал дұрыс есептелмеген –«0» болады.

Матрица орнын ауыстырып, шкалограммаға дәлдікті көрсетеді: матрица диагоналдан жоғары оң жағы саннан тұру керек, ал төменгі сол жағы- тек нольден тұрады.

Есептер

 

Индивидтер 1 2 3 4 5

1 1 1 1 1 1

2 0 1 1 1 1

3 0 0 1 1 1

4 0 0 0 1 1

5 0 0 0 0 1

 

Практикада еш уақытта идеалды шкалограмма шықпайды.

Гутманның бір мезгілде берген бағасы қабылдау коэффициенті деп аталды.

R=1-e/nR

Мұнда е- зерттелушінің жауабында жіберген қате, n-зерттелуші саны, R-тапсырма саны.

3. Объектіні өлшеу процедурасының бір бөлігі тест болады. Қасиет-философиялық категория, заттың бір жағын көрсете білсе, сонымен қоса оның айырмашылығын, соларға деген қатысын білдіреді.

Қасиет- көп орынды болса,ол қатысы- бір орынды болады.

Мысалы: «Айғаным өзін жақсы көреді». Қасиет объектінің шеңберін азайтады. Осындай жазудың себебінде объекті түрі азаяды. Қатысты жаңа объектілерді көбейтеді, мысалы, P (x, y, z), х- ер адамдар, у-әйел адамдар, Z- балалар, ал егер Р-генетикалық қатынас болса осы қатынас пен байланыс х,у және z- жаңа объект адам затны береді.Сөйтіп «қасиет» деген ұғыммен психикалық класс тобын анықтаймыз.

Үш негізгі топтардың сапасы болады: а) нүктелі; б) сызықтық в) көп өлшемді.

Бірінші тип нүктелі қасиет.

Адам не тірі, не өлі, ер немесе әйел, холерик немесе сангвинник бола алады. Бір де бір әйел азғана екі қабат бола алмайды. Сондықтан осындай қасиеттер анықтылығымен, сапалығымен,бірақ есепті санымен бола алмайды.

Екінші қасиет- сызықтық немесе бір өлшемді түр.

Сызықтық қасиет интенсивті көбейтіп, азайып тұратын затқа келеді. Мұндай заттың массасы, күші, температурасы, адамның бойы, физикалық күші жатады. Писхологиялық түрі көбінесе осы топқа жатады. Сапасының анықтылығымен есепті саны тең болады. Физикалық қасиет скаляр деп аталады. Екі өлшемді қасиеттер вектор өлшемі болады, оларды бір өлшемді қасиеттердің комбинациясы деп есептеуге болады. Олардың қорытындысы ретінде көп өлшемді қасиеттер пайда болады, ол өлшемдер п- қаситімен өзгеруі мүмкін: физикада тензор; математикада вектор т.с.с. Көп өлшемді қасиет бірнеше сызықтық қасиеттің бірлігі деп, ал сызықтық –көптеген нүктелік қасиет деп есептеуге болады Психологиялық тест бірнеше тапсырмадан, нұсқаудан тұрады: зерттелушіге тест пен (зерттелушінің) жұмыстың ережесін берсек, ал зерттеушіге ұйымдастыру ережесін, берілген жұмыстың ережесімен, қасиеттің теориялық жазылуын, шкала бағасымен әдісін білу қажет. Психологиялық қасиет жөнінде теориялық көздеу жасауға болады. Егер толық негіз жоқ болса мінез-құлық ісін түсіндірудің қажеті жоқ. Толықтырудың нұсқау қасиеті бар, бірақ оның топологиясы белгісіз.

Үшінші нұсқау: топология қасиеті белгілі. Қасиет-бір өлшемді континуум реттік немесе метрлік шкаламен өлшенуі мүмкін. Көптеген қасиеттер анықталған структурасынан тұрады. Әр қасиеттің топологиясы болады, ал қасиет-нүктелі, линейлілі, көп өлшемді болады.

Нормативті тест моделдерін, бір ғана қасиет өлшемін қарайық.

1. Қасиет анықталмаған. Топология қасиеті анықталмаса, онда көп зерттелушілерді бөлуге болмайды. Эквивалентті емес қатынасты зерттелушілердің көпшілігіне бөлуге келмейді, бірақ ұқсастығына қарап қатынасқа келтіруге болады. Бұл қасиет рефлексті, симметриялы, бірақ транзитивті емес. Көп индикаторларды қасиетке қарап анықтауға болмайды.Яғни, әрбір зерттелуші тек өз жауабымен ғана анықталады.«Зерттелушінің эталоны» болып көптеген ішінен дұрыс тесті жазып шығуына байланысты.

2. Қасиет сапалы анықталған. Топология қасиеті анықталған, ол нүктелі. Көп зерттелушілерге эквивалентті-эквивалентті емес қатынасты береміз, онда қасиеті бар болуы, немесе жоқ болуы мүмкін. Егер зерттелушінің қасиеті бар болып немесе жоқ болса, оларды тестің нәтижесінде кластарға бөліп тастауы мүмкін. Интерпретация кезінде мына алгоритм қолданылады: индикаторлар белгіленіп, жеке бір көрсеткіш есептеледі және бір дихотомикаық класқа жататындығы анықталады. Бұл модельді дихотамикалық классификация деп атаймыз. Ол Личко сұрақтарында қолданылады.

3. Қасиет сапалы және есеп сонымен анықталды.Қасиет мұнда сызықтық континуум болып табылады. Бұл кезде зерттелушінің қасиеті санның қасиетіне тура пропорционалды.

Зерттелушінің жауабы анықталып, «шкала» ұпай анықталып, шкалаға осы «шкала» ұпай беріледі.

Бұл модель латент континуум моделі болады, ең кең тараған психикалық қасиет. Қасиет индикаторлары бірыңғай және әртүрлі болады. Соңғысында олар шкалаланады немесе шкалаланбайды. Егер индикатор бірыңғай болса, олар қасиетті анықтап, оның интенсивтілігін бірдей көрсетеді. Ал егер индикатор әр түрлі болса олар қасиетін, оның интенсивтігін әртүрлі көрсетеді. Көптеген индикаторды бір шама-«күш» сыны болуы мүмкін, осы «күш» сыны көбірек байқалса ол қасиетті, оның интенсивтігін көбірек көрсете біледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *