Психологиялық берулерді математикалық өңдеу кезінде қолданылатын негізгі түсініктер

 

Жоспар

1.Ғылыми психологияның пайда болу себептері.

2.Эксперименталды психологияның міндеттері, пәні, даму тарихы.

3.Психологияны зерттеудің негізгі методологиялық принциптері.

Дүниені танып білуде бірнеше жолдарды атауға болады. Ең кең және танымалы – «тұрмыстық». Онда дүниені танып білу ата-аналар тәжірибесінен немесе тікелей өз басымыздан өткен тәжірибелер арқылы танылады. Дүниені танып білудің ғылыми жолы принципиалды түрде ерекшеленеді.

О.Конт дүниені танып білудің бірізді 3 түрлі фазасын анықтайды:

1. Діни – индивидуалды сенім және дәстүрге негізделген.

2. Пәлсапалық – белгілі бір қағидаға негізделген автордың сезіну. Ол рационалды және ой қорытындалған.

3. Позитивті – жүйелі бақылау немесе эксперимент барысында нақты деректерге сүйенген, ғылыми білім.

Танып білудің алғашқы екі фазасында дүниенің суреттемесі бір-біріне қарсылықсыз, бірлікте. Сондықтан адамға өз-өзіне сенім, тұрақтылық береді. Бұл фазаларда сенім негізгі рөл атқарады. Ғылым сенімге негізделмейді. Кез-келген ғылыми түсінік тексеріліп, дәлелденуі тиіс. Ғылыми түсініктерді тексерудің негізгі әдісі – эксперимент.

Эксперименталды әдістің пәлсапалық әдістен айырмашылығы жүйелі білімге негізделген. Ол рефлексивті ойлаудың талабына сай. Пәлсапада пайымдау ойлау заңдылығына бағынады.

Танып білу үрдісінің екі жолын ажыратуға болады. Идеографиялық – жеке, бірлі-жарымды құбылыстар мен оқиғаларды бақылау. Номотетикалық – зарттеудің негізгі мақсаты жалпы даму заңдылығын анықтау, объектілердің өмір сүруі мен бір-бірімен қарым-қатынас әсері.

Идеографиялық бағыт тарихи құбылыстардың жеке даралығын түсінуге негізделген; эксперимент өзге зерттеу әдісі ретінде пайдаланылмайды. Номотетикалық бағыт шындық жағдаятында қарым-қатынас туралы жалпы түсінікті қарастырады.

Классикалық ғылым негізінде верификация принципі жатады. Бұл принцип бойынша кез келген ғылыми дерек, теориялық қағида тексеруді қажет етеді. Ғылыми теория көптеген экспериментті қажет етеді.

Фаллибиллизм – ғылыми теорияның бір бағыты. Барлық теориялар қателіктерден тұрады деп қателесуге болмайды дегенді білдіреді.

Деректердің жиналуы, басқа теориялардың пайда болуды «ғылыми революцияны» — ғылыми парадигманың алмасуын тудырады.

Парадигма (грек сөзі – мысал, үлгі – дегенді білдіреді) белгілі бір тарихи кезеңде үлгі бойынша зерттеуді ұйымдастырудың ғылыми жетістікке негізделген жүйе. Бұл түсінікті американ ғалымы Т.Кун еңгізген.

Адам әрекетінің белгілі бір аймағы «ғылым» деген атаққа ие болу үшін үш негізгі талапқа жауап беруі тиіс:

— өзінің зерттеу объектісі болу тиіс;

— өзінің зерттеу объектісі мен методологиясының болуы;

— өзінің ғылыми қарым-қатынас тілінің болуы;

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғарыда аталған жағдаяттар туды. Бір жағынан сол кездегі өмір сүріп отырған ғылымдар – физика, биология, медицина «жанды» зерттеу мақсатын түсіндіре алады. Жан немесе психиканы түсіндіретін принципиалды, жаңа ғылыми түсініктің пайда болу қажеттілігі туды. Қоғамның өзгеруі, өнеркәсіәптің дамуы да енді практикалық мақсатты туғызды. Осы құбылыстардың бәрі жаңа, ғылыми психологияның пайда болып дамуына әсер етті.

«Психология» термині 1500 жылы Марбург қаласының профессоры Гокленнус есімімен байланысты. Келесі бір дерек бойынша «психология» терминін неміс философы Ломоносовтың ұстазы Христиан Вольф 1732 жылы енгізген. Ол Афродитаның баласы Эросқа ғашық болған гректің Психея атты мифологиялық әңгімесін пайдаланады.

 
 
 
 
 

Психологияның даму жолы ұзақ болды.

1. Ғылымға дейінгі психология. Бұл кезеңде адам өзін және басқа адамдарды әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде тікелей танып білдіреді. П.Жаненің айтуынша, «Бұл халықтың психологтарға дейін өздері жасайтын психологиясы»,- дейді.

2. Пәлсапалық психология. Психология пәлсапалық жүйеде қарастырылады.

3. Ғылыми психология 1860 жылы неміс ғалымы Г.Т.Фехнер өзінің «Психофизика элементтері» деген еңбегін жариялайды. Х.Вольф пен Гальтон идеяларын Фехнер бірінші болып эксперименталды әдіс реттеуде қолданып, психикалық құбылыстардың зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізеді.

4. 1879 жылы Лейпцигте В.Вундт алғашқы психологиялық лаборотория құрады. Фехнерге қарағанда Вундттың ғылымға тигізген әсері ол жүйелі лаборотория құрып, ғылыми мектептердің пайда болуына әсерін тигізді. Сондықтан, В.Вундт ғылыми психологияның атасы болып есептеледі.

2) А.В.Лазурский психологияның дамуына үлкен үлес қосқан орыс психологы.

Эксперименталды психология – психологиялық пәндер құррылатын басқа эксперименталды психология негізін меңгеру психологиялық кез-келген саласын түсінуге қажет. В.В.Никандровтың айтуынша «эксперимент» категориясын әртүрлі авторлар, әр түрлі түсіндіреді. Дәстүрлі түрде экспериментті тар мағынада емес кең мағынада түсінуу керек, себебі жаңа ғылыми білімді анықтауға құрылған экспериментті эксперименталды психология қарастырады.

Ғылыми психология бос жерден пайда болған жоқ. «Ғылымға дейінгі кезеңін» алып қарастырсақ та, онда зерттеулер жүргізілгенін көруімізге болар, мысалы: ІІІ ғасырда б.э. Немеций көз 3-4 элементті бір мезгілде бірден қабылдай алатынын анықтаған. К.А.Рамуль алғашқы эксперименттер ХVІ ғасырда жасалған деген деректер бар дейді. Ал ХVІІІ ғасырда бұндай деректер көптеген кездеседі. Оның айтуынша:

1. Алғашқы психологиялық тәжірибелер ғылыми мақсатқа сәйкес емес кездейсоқтық мінездемеге ие болған.

2. ХVІІІ ғасыр зерттеушілері ғана психологиялық эксперименттерді ғылыми мақсатқа байланысты жүйелі пайдалана бастады.

Бұл зерттеулер көбінесе қарапайым көру түйсіктеріне байланысты.

Алғашқы психологтар физиолог (Вундт, Бине, Павлов) болуы, кейде дәрігерлер (Бехтерев) немесе физиктер (Бугер, Вебер, Фехнер, Гельмгольд) облды. Олар психологиялық проблемаларды жаратылыстанушы ретінде қарастырды. Алғашқы 1860 жылы «Психофизика элементтері» атты Г.Т.Фехнердің туындысы эксперименталды психология алғашқы еңбегі болып табылады. Осылайша, психофизиканы жан мен тән қарым-қатынасының нақты теориясы яғни дене әлемі мен психика әлемі қарым-қатынасы деп қарастырды.

Алғашқы ірі психологиялық трактат Вундт (1873-1874) трактаты «физиологиялық психология» деп аталды, алғашқы француз лабораториясы (1889) Бонк, кейін Биненің физиологиялық психология лабороториясы деп аталды.

Осылайша, алғашқы қадамын жеке дара ғылым ретінде жасауды психология әлі де болса өзінің қайнар көзі – физиология мен физикадан бөліне алмады. В.Вундт (1832-1920) «эмпирикалық» экспериментке дейінгі психологияны эксперименталды психологияға айналдырды. 1879 жылы пайда болған психологиялық лабороторияда дүйние жүзінің көптеген психологтары білім алды. Фехнер Вундтан бұрын зерттеу жұмысын жүргізгенімен Вундт лабораториясында ғана алғашқы психологиялық мектеп пайда болды. Вундт объективті бақылауды интроспекция әдісімен үйлестіруді белсенді пайдаланды. Объективті бақылау ғана интроспективті әдісті психологиялық эксперимент деп атайды. Өзінің психофизикалық эксперименттерінде Фехнер мына талаптарды орындады:

а) арнайы әзірлеген психофизикалық әдістерді пайдалану; б) қайта-қайта қайталау негізінде эксперименттің дәлдігіне, беріктігіне жету оның нәтижесін математикалық әдіспен өңдеу.

Өзінің «Ес» туралы (1885) еңбегінде Эббингауз эксперименталды психологиялық мақсатын белгілі бір құбылыстар мен факторлардың функционалды байланысын өзін-өзі бақылау арқылы емес, белгілі бір мақсаттарды шешу жетістігіне байланысты түсіндіру деп қарастырады.

Ресейде психологиялық дамуы физиология саласынан басталады. И.М.Сеченов «Психологияны кім және қалай дамытады?» деген мақала жазады. «Кім?» деген сұраққа ол: физиологтар, «қалай» деген сұраққа – релекстерді зерттеу арқылы деп жауап береді. И.П.Павлов Сеченевтің шәкірті болмаса да оның еңбектерінің әсері терең болды. И.П.Павлов (1903) шартты рефлекстерді ашады. Алғашында оны психикалық деп атаған болатын. В.М.Бехтерев 1907 жылы Санкт-Петербургте Психоневрологиялық институт құрады. 1910 жылы Бехтеров «Объективті психология», ал 1917 жылы «Адам рефлексологиясының жалпы негіздері» атты еңбектері жарық көрді. Бехтеров рефлексология терминін еңгізді. Рефлексология – ішкі және сыртқы тітіркенгіштерге жауап қайтару реакциясын зерттейтін ғылыми пән.

Осылайша, Павлов пен Бехтерев Уотсыннан бұрын объективті психология негізін қалаған. Оны психология деп атамаса да тәртіп туралы ғылым деп атаған.

3) Кез-келген ғылымның өзінің методология ретінде анықтайтын принциптері болады. Эксперименталды психологияның да өзінің методологиялық принциптері бар.

Детерменизм принциптері.

Психологиялық құбылыстар организмнің сыртқы орта байланысымен алдын ала анықталған. Сыртқы ортаның жүйелі байланыссыз психика адекватты емес болып жұмыс істей бастайды. Психикалық құбылыстар сыртқы ортадан тыс бола алмайды. Механистік детерменизмнен айырмашылығы онда, себеп салдардың алдында болады. Психика ортамен байланысты яғни сыртқы себептер әрекеті ішкі шарттармен жанамаланады.

Физиологиялық және психикалық бірлік принципі.

Жүйке жүйесі психикалық процесстердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Психикалық құбылыстарды физиологиялық процестермен бірдей деп түсіндіруге болмайды. Психикалық құбылыстардың психологиялық модель құрылысын физиологияға сілтеме жасамай-ақ зерттеуге болады.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі.

Қысқаша оны былай көрсетуге болады: сана іс-әрекетте. Ал іс-әрекет санада. Психологиялық дерек – тәртіп, оны белгілі-бір қарым-қатынас сызбасы арқылы түсіндіруге болады.

R = F (P, S)

Мұндағы R – тәртіп; Р – жеке бас; S – жағдаят. R мен S бір-бірінен тәуелсіз айнымалы емес, олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста: жеке бас жағдаятқа әсер етеді; жағдаятта жеке басқа әсер етеді. Бұл қарым-қатынастар сана және санадан тыс деңгейде де болады.

Іс-әрекет жеке бастың ортамен байланыс жүйесін құрайды. Жеке бас бұл жағдайдан тыс өмір сүре алмайды. Бұл жүйе саналы және мақсатты түрде жеке басты қалыптастырады.

Даму принципі. (тарихи принцип, генетикалық принцип).

Даму материяның қасиеті болып табылады. Ми – жүйке жүйесінің ұзақ тарихи даму нәтижесі. Психика – тарихи және әлеуметтік-экономикалық шарттар негізінде қалыптасты. Даму принципі құбылыстарды үздіксіз қозғалыста қарастырады.

Объективтілік принципі.

Объективтілік принципінің мазмұны объектіні тануда субъектіге тәуелсіздіген мойындау.

Құрылыстық принцип.

Б.Б.Коссовтың айтуынша “кез-келген психикалық құбылыстар біртұтас жүйелі процесс ретінде қарастырылуы тиіс. Субъекті мен ортаның байланысы іс-әрекетте көрінеді”. Кез-келген құбылыс біртұтас, жүйе ретінде түсіндірілсе онда оның өзінің бірнеше құрылысқа біріккен әлеуметтері болып, байланыста болады. Кез-келген біртұтас құрылысты жүйелі құрылыстық анализ арқылы қарастырады.

4) К.Хольцкамп эксперименталды деректер мен теориялық түсініктердің жаңа теорияның пайда болуына тигізетін әсерінің ара қатынасын талдайды. К.Хольцкамптың айтуынша, “қазір және осында” атты формада деректерді талдау қажет.

Бағыттаушы теориясыз ғалымдар бағытқа ие баға алмайды. Олар әр түрлі деректерді жинаумен ғана шектеледі. Ч.Дарвин: “Теориясыз бақылаудың болуы мүмкін емес”, деген.

Біздің теория пайдалы болады егер ол:

1. Көптеген бақылауды нәтижелі ұйымдастырса.

2. Анық болжамдарды теориялық тексеру немесе практикалық тапсырма кезінде қолданылса.

К.Хольцкамп эксперименттердің төрт “формалды басымдылықтарын” ажыратады:

1. “Эксперименталды болжауды” теориялық негізде қалыптастыру, экспериментті жоспарлау.

2. Экспериментті ұйымдастыру және өткізу.

3. Эксперименттің экологиялығын бағалау (эксперимент жағдаятының зерттелінетін шындыққа сәйкестік деңгейі).

4. Эксперименталды нәтиженің теориядан ауытқуын бағалау.

Б.Г.Ананьев эксперименттің рөлін психологиялық зерттеуде ерекше екенін атап көрсетеді.

В.Н.Дружинин психикалық регуляция деңгейлік пен эмпирикалық суреттеме әдістерінің байланысын қарастырып, мынандай деңгейлерге бөледі:

— физиологиялық деңгей

— психофизикалық

— сенсорлы-прецептивті процесс

— психиканың интегративті деңгейі (ойлау, мотивация)

— жеке бас

— индивидуалдылық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *