Зат және қуат алмасу. Тағамдану. Жылу реттеу. Сыртқа белу

 

Зат және қуат алмасу. Организмдегі зат алмасу туралы ұғым. Қоректік заттардың пластикалық және энергетикалық ролі. Азоттық тепе-теңдік. Азоттың оң және кері балансы. Организмнің энергиялық тепе-теңдігі. Зат және қуат алмасудың реттелуі. Зат алмасуды және қуат шығынын анықтау әдістері. Тікелей және тікелей емес калориметрия. Тыныс коэффициенті. Фи-зикалық және физиологиялық калориметрия.

Незігі алмасу. Тағамданудың физиологиялық нормалары. Негізгі алмасуды анықтау әдістері. Рубнердің «Беткей заңы». Жалпы және жұмыстық алмасу. Әр түрлі жастағы организмнің энергетикалық шығьшдары. Тағамдық заттардың арнайы — динамикалық әсері. Қабылдайтын асқа және тағамның сипатына байланысты ас қорыту бездерінің секреторлық

 

қызметінің өзгеруі. Орынды тамақтанудың физиологиялық негіздері. Рубнердің тозу коэффициент. Ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, минералды тұздарда және дәрумендерге тәуліктік кажеттілік. «Тағамдық заттардың изодинамика» заңы және оның жетіспеушілігі. Тағамдық рациондарды құру ережелері.

Жылу реттеу. Сыртқы орта температураларының өзгерістері кезінде ішкі орта температурасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қызметтік жүйе. Жылу реттелудің нервтік және гуморалды механизмдері. Жылу алмасу. Адам температурасы және оның тәуліктік ауытқуы. Терінің әртүрлі бөліктерінің және адамның ішкі мүшелерінің температурасы. Физикалық және химиялық жылу реттелу. Зат алмасу жылу түзілудің кезі ретінде. Жылу өндіруде әртүрлі ағзалардың ролі. Жылу беру. Денеден жылу шығудың тәсілдерді. Жылу берудің физиологиялық механизмдері (тері тамырларындағы қанайналым, тер бөліну және басқа).

Сыртқа бөлу компоненті организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін күрделі қызметтік жүйелер ретінде. Сыртқа белу мүшелері, олардың қызметтері және организм гомеостазьш сақтауға қатысуы. Нефрон бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі ретінде. Бүйректегі қан айналым, оның реттелу ерекшеліктері. Зәр түзілудің негізгі үрдістері (шумақтық сүзілу, түтікшелік реабсорбция және секреция). Арте-риялық қысымның зәр сүзілу үрдістеріне әсері. Қайталамалы — кері ағыс жүйесі. Соңғы несеп. Бүйректер қызметінің реттелуі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *