ГИПОКСИЯ 

 

 

 Мақсаты: Гипоксияның этиологиясының және  патогенезінің негізгі сұрақтарын меңгеру

 Дәріс жоспары:

  1. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі;
  2. Гипоксияның әрбір түрлерінің этиологиясы мен патогенезі;
  3. Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары;
  4. Гипоксия кезіндегі теңгерілу серпілістері ( жедел және ұзақ мерзімдік);
  5. Организмнің жасқа байланысты гипоксияға сезімталдығы.

 

   Дәріс тезистері

Гипоксия (оттегілік ашығу) —  тіндердің оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етілмеуінен немесе оның тотығу-тотықсыздану серпілістерінде тіндермен пайдаланылуының бұзылыстарынан дамитын біртектес дерттік үрдіс.

Гипоксия – биологиялық тотығудың шынайы немесе салыстырмалы жеткіліксіздігін көрсететін жағдай. 

Гипоксияның ( И.Р. Петров бойынша) жіктелуі:

  1. Экзогендік:

Нормобариялық    Қалыпты барометрлік қысым

Гипобариялық      Төменгі барометрлік қысым

  1. Эндогендік:

Тыныстық

Гемдік

Қанайналымдық

Тіндік

Аралас.

                                   Экзогендік гипоксия 

                                                                                                                                                                                        

 Гипобариялық                                                          Нормобариялық                                       

(төменгі барометрлік қысым                          (қалыпты барометрлік қысым)

Биіктікке көтерілгендегі қысым                      ауасы тазартылмайтын бөлмеде болғанда                                       көтерілгендегі   төменгі қысым                        қалыпты қысым.    

                                                                 

Дем алатын ауада  рО2 ¯ → гипоксемия, гипокапния, газдық алкалоз. 

Дем алатын ауада  рО2 ¯ → гипоксемия, гиперкапния, метаболизмдік және газдық ацидоз.

Тыныстық  гипоксия

  • Өкпе вентиляциясының  бұзылыстары
  • Өкпе перфузиясының  бұзылыстары
  • Өкпеде диффузияның бұзылыстары

 

Гемдік  гипоксия

  • Анемиялар ( қандағы гемоглобиннің төмендеуі)
  • Гемоглобиннің әсерсізденуі. ( көміртегімен немесе метгемоглобин түзушілермен улану)
  • оксигемоглобиннің   диссоциация сызығының жылжуы

Қанайналымдық гипоксия

  • жүйелік (жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары)                 
  • жергілікті ( шеткері қан айналымының бұзылыстары)

 

Тіндік  гипоксия:

  • химиялық заттардың әсерінен тыныстық ферменттердің әсерсізденуі
  • ферменттердің ( гипо, — авитаминоздар) түзілуі ¯
  • тотығу мен фосфорланудың ажырауы (митохондрий мембранасы зақымдану, тіндерде Са2+, БМҚ, тироксина ­  ж.б.)

 

Заттық  гипоксия

Себептері:   Жасушадағы биологиялық тотығу заттарының тапшылығы. Клиникалық тәжірибеде глюкоза жөнінде сөз жиі қозғалады. Бұндайда оттегінің жасушаға түсуі айтарлықтай бұзылмайды. Заттық гипоксияның патогенезі биологиялық тотығу үрдісінің үдемелі тежелуімен сипатталады.

 Гипоксияның зорығулық  түрі

Себептері: тіндер, ағзалар немесе олардың жүйелер қызметтерінің айтарлықтай және/ немесе ұзақ мерзімділік көбеюі.            

 

  Гипоксияның әртүріндегі  оттегілік тепе-теңдік көрсеткіштерінің өзгерістері.

 

Гипоксияның  түрі

артериялық қандағы  рО2

 

қанның оттегілік сыйымдылығы

артериялық қандағы Нb-нің оттегімен қанығуы

оттегі бойынша артерио-веноз-

дық айырмасы

Экзогендік

төмендеген

Қалыпты

Төмендеген

 

Тыныстық

 

Төмендеген

 

Қалыпты

 

Төмендеген

 

 

Қанайналымдық

 

Қалыпты

Қалыпты немесе жоғарылаған

 

Қалыпты

 

Көбейген

Гемдік

 

Төмендеген

 

Төмендеген

Қалыпты немесе төмендеген

 

Тіндік

 

Қалыпты

 

Қалыпты

 

Қалыпты

 Күрт төмендеген

Гипоксия кезінде зат алмасу, ағзалар мен жүйелер қызметтерінің бұзылыстары.

Орталық жүйке жүйесі

Бас ауыру, эйфория ( тежегіш үрдістерінің бұзылуы), қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылысы, қимылдық бұзылыстар, тырысулар (қыртысасты орталықтарға ми қыртысының тежегіштік әсерінің әлсіреуі), кома (ми қыртысы, қыртысасты, мидың бағаналық орталықтарының қызметтерінің төмендеуі),   ми тіні мен қабықтарына қанқұйылулар, ми қыртысында, мишықта, қыртысастында құрылымдық өзгерістер      

Жүрек – қантамыр жүйесі

Миокардтың қозғыштығы, өткізгіштігі және жиырылуының бұзылыстары ® тахикардия, аритмиялар, қанайналымының орталықтануы® жүрек қызметі мен тамыр межеқуатының төмендеуі .

Тыныс жүйесі

Тахипноэ,           үзілістік (тыныс орталығының зақымдануы) тыныстар,      өкпеде іркілулік құбылыстардың дамуы,                          альвеолалық – қылтамырлық мембрананың қалыңдауы.

 Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту сөлдерінің бөлінуі төмендеуі,   АІЖ қимылдық қасиетінің тежелуі, бауыр қызметінің бұзылысы, бауыр бөліктерінің орталығындағы жасушалардың жойылуы мүмкін.

Несеп шығару жүйесі

Бүйректің сүзілулік қызметінің бұзылысымен ауысатын полиурия, морфологиялық көрінісі: бүйрек түтікшелерінің некрозы немесе некробиозы.

Гипоксия кезіндегі теңгерілу тетіктері 

Жедел:

  • Тыныстық ( гипервентиляция)
  • Гемодинамикалық (тахикардия, қанның соққылық көлемінің, қанағымы жылдамдығының артуы, қан айналымының орталықтануы)
  • Гематогендік (эритроцитоз, Hb-нің О2 — үйірлігінің­, оксигемоглобиннің диссоциация сызығының оңға жылжуы). 
  • Тіндік ( гликолиздің белсенденуі, тыныстық ферменттердің белсенденуінің кушеюі, тотығу мен фосфорланудың ілесуінің артуы)

Ұзақ мерзімдік:

  • Оттегінің тасымалдануы мен оның қолдануына жауапты жүйелерде гипертрофия және гиперплазия:

тыныстық бұлшық еттердің, өкпе альвеолаларының, миокардтың салмақтарының артуы; 

ұзындығы мен диаметрінің артуы нәтижесінде қызмет атқаратын қылтамырлар санының артуы;

тіндерде миоглобин, жасушаларда митохондрий санының артуы;

қантүзуші тіндердің гиперплазиясы,  эритропоэздің белсенденуі.

Гипоксия кезіндегі зат алмасуларының өзгерістері:

Қажым түзілуінің төмендеуі, гликолиз бен гликогенолиздің әсерленуі, сүт және пирожүзім қышқылдарының жиналуы, метаболизмдік ацидоз.

 

Көрнекті  материал

  1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
  2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

 

Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 537-548.
  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 79-99.
  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, – С. 84-87
  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 278-290.
  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 525-538.
  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 478-514.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Гипоксия туралы түсінік.
  2. Гипоксияның жіктелуі
  3. Заттық гипоксия туралы түсінік
  4. Гипоксия кезіндегі жедел теңгерілулік серпілістер.
  5. Гипоксия кезіндегі ұзақ мерзімдік бейімделу тетіктері.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *