ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ. ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ

 

 

Мақсаты: жалпы этиология мен патогенезінің негізгі түсініктерін меңгеру.

Дәріс жоспары:

  1. Этиология, анықтамасы. Ауру туындауындағы себеп пен жағдай туралы түсінік. Ауру дамуындағы себеп пен жағдайдың маңызы.
  2. Этиологиялық жайттардың жіктелуі. Ауру дамуында организм ерекшелігі мен сыртқы орта жайттарының маңызы. Этиологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы.
  3. Патогенез туралы түсінік. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынас. Біріншілік зақымдану патогенездегі алғашқы тізбек ретінде. Зақымдану деңгейлері. Патогенездің «бастапқы тізбегі» және патогенездегі «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсінік.
  4. Ауруларды этиотропты және патогенездік алдын алу мен емдеу ұстанымдары.

 

Дәріс тезистері

Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) —  аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.

Себеп  – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.

Себепке тән:    

  • Ауру дамуының алдында әсер етеді
  • Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар
  • Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды
  • Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.

Жағдай  – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар

Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis — даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.

Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты  үрдістерінің жиынтығы.

Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.

Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң  кері байланыстың түзілуі.

Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар 

Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.

 

Көрнекті  материал

  1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
  2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22 – 25, 75-80.
  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, – С. 17-22.
  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.
  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.
  3. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. — 1962. -176 с.
  4. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 — 233.
  5. Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. — С.49 — 90.
  6. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, — № 5,.с.114 — 117.

Бақылау сұрақтары  (кері байланыс)

  1. Этиология анықтамасы, түсінік.
  2. Патогенез анықтамасы, түсінік.
  3. Патогенездегі негізгі тізбек.
  4. Ауруларды этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *