Мақсаты: жалпы нозологияның негізгі түсініктерін меңгеру
Дәріс жоспары:
- Патологиялық физиология курсына кіріспе. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде.
- Жалпы нозология, жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық және ауру. Аурудың негізгі нышандары. Ауру алды туралы түсінік.
- Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай.
- аурудың сатылары, сипаттамалары.
- Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.
- Тірілтудің ұстанымдары. Тірілтілген ауру туралы түсінік.
Дәрістің тезистері
Патофизиология (грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos — ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.
Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Патофизиологияның міндеттері
- Жалпы этиология сұрақтарын зерттеу
- Патогенез сұрақтарын зерттеу
- Экспериментік емдеу тәсілдерін өңдеу
- Дәрігерлік ойлауды қалыптастыру
Патофизиологияның негізгі тәсілі – патофизиологиялық эксперимент.
Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.
Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).
«Денсаулық– бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.
«Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.
Аурудың нышандары
- Науқастың шағымы
- Дерттің айғақты әйгіленімдері
- Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі
- Еңбекке қабілетінің төмендеуі
Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.
Ауру алдының нышандары
- Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі
- Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы
- Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге)
Дерттік серпіліс –(re – қарсы, action — әсер, серпіліс) –
Қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы
Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы
Біртектес дерттік үрдістер:
- Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,
- Көп себепті (полиэтиологиялы),
- әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,
- айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,
- эволюцияда барысында түзілген
Дерттік жағдай –организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.
Аурудың сатылары:
- аурудың басталуы
- нағыз ауру сатысы
- аурудың аяқталуы
Жұқпалы аурулар сатысы:
- инкубациялық кезең
- хабаршы сатысы
- айқындалу кезеңі
- аурудың аяқталуы
Аурудың аяқталуы
- сауығу (толық, шала)
- созылмалы түрге ауысуы
- өлім
Өлім
· табиғи
· патологиялық
Өлімнің сатылары: жантәсілім алды, ақтық үзіліс, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім
Реанимация –организмді тірілту. Өлімнің қайтымды сатыларында жүргізуге мүмкіндік бар.
Тірілтудің ұстанымдары:
- жүрек қызметін қалпына келтіру
- тынысты қалпына келтіру
- бұзылған гомеостазды қалпына келтіру
Көрнекті материал:
- Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
- Курс лекций под ред. А.Н.Нурмухамбетова : Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
- Ә. Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 6-22.
- Ә.. Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 3-8.
- Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 12-1
- Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 18-30.
- Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-14.
Қосымша
- Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 25-37.
- Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 25-31.
- Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. — М.: Медицина, 1982 . — 240 с.
- Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. — № 12, с. 56-60.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- аурудың нышандары.
- ауру алды нышандары.
- жұқпалы аурулардың сатылары.
- өлім кезеңдері.
- тірілтудің ұстанымдары.