Қабынуда қолданылатын дәрілер

Қабынуда қолданылатын дәрілер

Қабыну эндогенді және экзогенді факторлардың әсерінен ағзаның зақымдалуы.

Қабыну реакцияларының кезеңдері: альтерация, экссудация, пролиферация. Бұл кезеңдер биохимиялық реакциялардың өзгеруінен медиаторлардың бөлінуімен (простагландин, брадикинин, серотонин, гистамин және т.б) байланысты.

Қабыну медиаторларының ішінде простогландиндердің күшті зақымдағыш қасиеттері бар. Олардың биосинтезінде фосфолипаза А2 және циклооксигеназа ферменттері қатысады. Қабыну процесінде осы ферменттердің белсенділігі артып ұлпаны зақымдайтын простогландиндердің түзілуі күшейеді, олар альтерация және экссудацияның дамуына алып келеді. Қабыну медиаторларының бірі брадикинин қан тамырларды кеңейтеді. Қан тамырлардың өткізгіштігін жақсартып лейкоциттердің құрамын жоғарылатады және қабыну ошағындағы дене қызуын көтереді. Қабыну ошағындағы ауырсынудың пайда болуы, ұлпаның ісінуі мен жүйке талшықтары ұштарының сығылуына (езілуіне) алып келеді. Осыған байланысты жергілікті қабыну белгілері гипиремия, капилляр өткізгіштігінің жоғарлауы, лейкоциттердің иммиграциясы және ауырсынулар пайда болады.

 

  Қабынуға қарсы дәрілер 2 топқа бөлінеді: стероидты емес ҚҚД және стероидты  ҚҚД.

Стероиды емес қабынуға қарсы дәрілер (СЕҚҚД)

СЕКҚД ыстықты түсіретін ауырсынуды басатын әсері бар анальгетиктер тобына жататын препараттар: ацетилсалицил қышқылы, диклофенак натрий тұзы, анальгин, индометацин, бутадион, ибупрофен, ксефокам.

Әсері: Циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) қалыпты жағдайда өндіріліп, простоноидтардың, простагландиндердің түзілуін реттейді. Қабыну кезінде ЦОГ-2-нің өндірілуі күшеюінен, простагландиндер мен простоноидтар көбейіп қабыну өршиді. ЦОГ-2 тежелуімен простоноидтардың синтезі азайып, қабыну азаяды (қызару, ісіну, ауырсыну, т.б.).

Препараттардың циклооксигеназаға тежегіш әсері

Препарат

Тежегіш белсенділігі

ЦОГ-1

ЦОГ-2

Ацетилсалицил қышқылы

++

±

Диклофенак натрий тұзы

++

++

Анальгин

+

±

Ибупрофен

++

++

Индометацин

+++

++

+ — белсенді ;   ± — белсенділігі шамалы

 

Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (СКҚД)

Оларға қабынудың барлық сатыларына тежегіш әсер көрсететін бүйрекүстібезінің қыртысты қабатының гормонды препараттары глюкокортикоидтар жатады.

Әсері: қабыну медиаторы просагландиндер түзетін арахидон қышқылының синтезіне қажет фосфолипазаның тежелуіне байланысты.

Глюкокортикоидтар: Гидрокортизон, Преднизолон (медопред), Дексаметазон (дексона, диксазон), Триамцинолон (полькортолон, кеналог, синофлан), Бетаметазон, Метилпреднизолон (метипред медрол), флуметазон пивалаты.

Жағылма түріндегі препараттары: Флуцинар, Лоринден, Целостодерм, Полькортолон ТС (аэрозоль түрінде).

Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін) әсер көрсетеді.

Глюкокортикоидтарды стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер әсер етпей жатқанда дәрігердіңң бақылауымен қолданады. Глюкокортикоидтардың шокқа  (сілейме) қарсы және антитоксикалық (уытқа қарсы) әсері бар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *