Дәруменді препараттар

 

Дәрумендер (витаминдер) зат алмасу процесіне  қажетті  ағзаға тағаммен түсетін заттар. Витаминдер метаболизм реттеуіне қатысу арқылы биохимиялық және физиологиялық процестердің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.Витаминдерді ағзада әр түрлі  витамин жетіспеушілігінде биохимиялық процестердің қалыпты жүруін реттеу үшін физикалық және психикалық жұмыс  қабілетін жақсарту үшін пайдаланады.

Дәрумендердің топтары: а) суда еритін дәрумендер;

                                            б) майда еритін дәрумендер;

Суда еритін дәрумендер:

1.Тиамин бромиді Витамин В1. Көмірсу алмасуын қадағалайды. Авитаминозда Бери–бери ауыруына ұшырайды (жүйке бағандарының зақымдануы). Радикулитте, невритте, шеткері тамырлардың тарылуыда, асқазан ойық жарасында қолданады.

2.Рибофлавин – Витамин В2. Көздің жұмысына қажет. Жетіспегенде ерін жарылады.

3.Никотин қышқылы – Витамин В3 – Авитаминозда Пеллаграмен ауырады (асқазан жұмысы бұзылуы, дерматит, ауыз қуысының қабынуы, психикалық ауытқулар байқалады). Асқазан ойық жарасында, шеткері тамырлардың тарылуында, атеросклерозда, тері және сілемей қабаттардың жараларында қолданылады. Спазмолитикалық әсері бар.

  1. Пиридоксин гидрохлорид – Витамин В6. Амин қышқылының түзілуіне, май алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді.

Токсикозда, радикулитте, асқазан ойық жарасында, тері ауруларында және құсыққа қарсы тағайындалады.

5.Фолий қышқылы – Витамин Вс – эритроциттердің жетілуіне қатысады. Жетіспегенде макроцитарлы анемия болады.

6.Цианокобаламин – Витамин В12 – эритроциттердің жетілуіне қатысады. Жетіспегенде Перницитозды анемия болады. Орталық жүйке жүйесі және  бауыр ауруларында қолданылады.

7.Кальций пангаматы – Витамин В15 – майалмасуын жақсартады. Атеросклерозда, бауыр, тері ауруларында қолданады.

8.Аскорбин қышқылы Витамин С. Қанның ұюын жақсартады, капилляр өткізгіштігін жақсартады. Ұлпалардың қалпына  келуіне,бүйрекүсті безі гормондарының түзілуіне әсер береді. Авитаминозда Цинга (Бүкіршік, құрқұлақ) ауруы болады.

9.Витамин Р – препараты Рутин. Капиллярлардың өткізгіштігін, зақымдануын төмендетеді. Аллергияда, ревмотизмде, сәуле ауруында, уланғанда қолданылады.

Майда еритін дәрумендер:

  1. Ретинол – Витамин А. Көру пигментінің құрамына кіреді. Жетіспегенде Ақшам соқыр ауруы болады (куриная слепота). Инфекциялы ауруларда, тұмауда, терінің, сілемей қабаттардың зақымдануында, асқазан ауруында қолданылады.

2.Эргокальцеферол – Витамин Д2. Са мен фосфор алмасуын қадағалайды. Рахитте, остеопарозда, тері және сүйек ауруларында қолданылады. Д витамині жетіспеушілігі  күннің көзіне шықпағанда болады. Д витамині азайғанда сүйектің дамуына қажетті калций мен фосфор сіңбейтіндіктен рахит ауруы дамиды.

3.Токоферол – Витамин Е. Бұлшықет дистрофиясында, жүрек, бауыр ауруында, түсік болу қаупінде, жыныс бездерінің жұмысының бұзылуында қолданылады.

  1. Витамин К — препараты Викасолкоагулянтты әсері бар. Қанның ұюын жоғарылатады. Қан кеткенде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *