Инфузиялық препараттар
Қанның маңызды қасиеттерінің бірі осмостық қысымы. Қандағы осмостық қысымның 60%-ы ас тұзы иондарына байланысты. Қанның осмостық қысымына тең болғандықтан натрий хлорид ерітіндісі изотоникалық немесе физиологиялық ерітінді деп аталады (0,85-0,9%).
Қанның рН реакциясы да тұрақты көрсеткіш. Көктамырдағы қанның реакциясы рН 7,35-7,36, артерия қанында рН 7,4-7,42, жасуша ішінде рН 7,0-7,2. Қанда рН ұзақ уақыт 0,1-0,2 көрсеткішке өзгерсе адам өледі.
Инфузиялық терапия – парентеральды жолмен енгізіп, үлкен көлемде сұйық дәріні емге пайдалану. Инфузиялық сұйықтар су моншасында+380-+390 С жылытылып, минутына 40-120 тамшыдан 24-48 сағат аралығында құйылады.
Инфузиялық сұйықтардың жіктелуі:
- Плазмаалмастырғыш сұйықтар.
- Қышқыл-сілті тепетеңдігін реттеуде қолданылатын сұйықтар.
- Парентеральды тамақтандыруда қолданылатын сұйықтар.
Инфузиялық сұйықтар қолданылады: өте көп қан кеткенде, науқас ес– түссіз жағдайда болғанда, ас қабылдау мүмкіншілігі болмағанда, қан құрамының керекті заттарын толықтыру керек болғанда, дизентерияда.
- Плазмаалмастырғыш сұйықтар:
- Гемодинамикалық сұйықтар: Полиглюкин 6%, NaCl- 0,9%, Глюкоза 5%, Полифер, Венофундин.
Қолданылады: шокта, қан кеткенде, ағзада сұйқтық азайғанда.
- Дезинтоксикациялық сұйықтар: Реополиглюкин (Декстран – 40), Гемодез.
Қолданылады: микроцеркуляцияны жақсартуға, несеп шығуын ұлғайтуға, уытты заттардан қанды тазартуға.
- Ағзадағы қышқыл – сілті тепе–теңдігін реттейтін сұйықтар.
Ағзада қышқыл-сілті тепе-теңдігі бұзылғанда ацидоз немесе алкалоз дамиды.
Ацидоз- қан құрамында қышқылдардың көбеюі.
Алкалоз – қан құрамында сілтілердің көбеюі.
Ацидозда қолданылады: Натрий гидрокарбонат ерітіндісі 4%, Ацесоль, Дисоль, Хлосоль,Трисоль, Рингер сұйықтары. Трисамин сілтілі- буферлі ерітінді
Алкалозда қолданылады: Калий хлорид 4% ерітінді, Аскорбин қышқылы 5% ерітінді.
- Парентеральды тамақтандыруға қолданылатын сұйықтар:
Инфезол, Аминоплазмаль,Стабизол, Казеин, Рефортан, Липофундин, Желатиноль. Бұл дәрілердің құрамында амин қышқылдары бар.
Қолданылады: асқазанға, ішекке, кеңірдекке операция жасағанда, травмадан кейін, күйгенде, тағы басқа тамақтана алмайтын жағдайларда. Күш-қуат беру үшін Глюкоза инсулинмен көк тамырға тамшылатып қолданылады.