Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер

  1. Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
  2. Тромб агрегациясына әсер ететін дәрілер:

1.Антиагреганттар-тромб агрегациясын(агрегация- тұну)төмендететін дәрілер: Аспирин, Курантил (Дипиридамол), ТромбоАСС, Тромбокард, Кардиомагнил, Плавикс, Пентоксифиллин (Трентал). Бұл дәрілер тромбтың пайда болу қаупінде алдын алу және қанды сұйылту үшін қолданылады.

  1. Агреганттар-тромб агрегациясын(тұнуын)жоғарылататын дәрілер: Дицинон (Этамзилат), Адроксон (жергілікті). Бұл дәрілер қан тоқтату үшін қолданылады.

Дицинон – тамыр өткізгіштігін қалпына келтіріп, микроциркуляцияны жақсартады, қанды қоюландырады.

  1. Қанның ұюына әсер ететін дәрілер:
  2. Антикоагулянттар (коагуляция- жабысу)қанның ұюын төмендететін дәрілер:

Қанның ұюына тікелей әсер ететін дәрілер: Гепарин, Фраксипарин, Клексан, Гирудин (қан ұю факторына әсер етеді)- протромбиннің тромбинге айналуын  бұзып, тромбиннің белсенділігін жояды.

Қанның ұюына тікелей емес әсер ететін дәрілер: Неодикумарин, Варфарин, Эскузан, Анавенол, Троксевазин.  Бауырда қанды ұйытатын  факторға әсер етеді (протромбиннің пайда болуын тежейді).

Қолданылады: қанның ұюын төмендетуге тромбофлебитте, миокард инфарктісінде, тромбоэмболиялық аурулардың алдын алуда.

  1. 2. Коагулянттар — қанның ұюын жоғарылататын дәрілер: Викасол (Вит К), кальций хлорид ерітіндісі (CaCl2)-10%-10мл ампулада, кальций глюканат. Тромбин және Тахокомб (сорғыш түрінде жергілікті қолданылады). Қолданылады: қан тоқтату үшін.

3.Фибринолизге әсер ететін дәрілер

  1. Фибринолитикалық дәрілер: Стрептокиназа, Урекиназа, Алтеплаза, Фибриолизин.

Әсері: қанда фибринолизиннің пайда болуын, белсенділігін арттырып, пайда болған фибриндерді  ерітеді. Стрептокиназа мен урекиназа жаңа пайда болған тромбыларды ерітуде  тиімді. Стрептокиназаны қолданғанда  жалпы қанда фибринолизин көбейіп қан кету қаупі бар.  Алтеплаза  пайда болған тромбтағы фибринге  ғана әсер етіп, ерітеді.

  1. Антифибринолитикалық дәрілер: Аминокапрон қышқылы 5%-100мл, Контрикал, Амбен (сорғыш).

Әсері: қандағы фибринолизин ферментінің пайда болуына, белсенділігіне  тежегіш әсер етіп белсенділігін азайтады, фибрин жіпшелері көбейеді.

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілерді қолданғанда 2 – 3 күн сайын қанға сараптама жасап тексеріп отыру керек.

 

Плазма- қан сарысуы (элементтерінен айырылған қанның сұйық бөлігі)

Эритроциттер-(грекше erytrjs- қызыл, cytos- жасуша)- қанның қызыл түйіршіктері.

1литр қанда- 4,5- 5млн эритроцит болады. Эритроциттегі құрғақ заттың 90% гемоглобиннен тұрады. Гемоглобиннің құрамында темір бар.

Адам денесінде шамамен 5литр қан болса соның 700-800грамы гемоглобин.

Эритроцитоз- эритроциттердің көбеюі. 5 *1012 көп

Эритроцитопения эритроциттердің азаюы  3,7*1012 аз.

Эритроциттер шамамен ағзада 120-130 күн  өмір сүреді.

Анемия- қанның азаю ауруы.  Анемия кезінде қан көлемі өзгермейді,  тек оның құрамындағы эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері өзгереді. Адам қансырағанда 1-2 тәуліктен кейін қан сұйыла бастайды. Өйткені эритроциттер 4-5 тәуліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Эритроциттердің құрамында гемоглобин көбейсе гиперхромды анемия деп аталады. Ал эритроциттердің құрамында гемоглобин азайып кетсе гипохромды анемия деп аталады. Гиперхромия кезінде эритроциттер саны азайып, жеке эритроцит ұлғайып (макроцит) гемоглобинге толады.

Қанның реңдік мөлшері (ҚРМ) цветной показатель — қандағы гемоглобиннің мөлшеріне байланысты (0,86- 1,05 аралығында болуы тиіс).

ҚРМ= қандағы Hв мөлшері х 3/ эритроцит саны(бастапқы үш сан.

 

Гемолиз-  эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы.

Гемолиз түрлері:

  1. Физиологиялық гемолиз- 120-130 күннен кейін ескірген эритроциттердің бауырда, көкбауырда гемолиздені.
  2. Осмостық гемолиз. Қанға осмостық қысымы аз ерітінді (0,48-0,36%) құйғанда , сұйықтың көбеюінен пайда болуы мүмкін.
  3. Химиялық гемолиз- химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті) әсерінен болады.
  4. Биологиялық гкмолиз. Ішек құрттары, жылан, қарақұрт, бактериялар бөліп шығаратын заттар- гемолизиндердің әсерінен болады. Қанның көбі гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін.
  5. Термиялық гемолиз. Қанды біресе жылытып, біресе суытудан болады. Дене температурасы 420 С тан асса қан гемолизденеді. Кешке қарай 38-390 С- қа көтеріліп отырса, эритроциттер гемолизденеді.
  6. Механикалық гемолиз. Ыдыстағы қанды тасымалдағанда шайқалса, араластырса, сілкіп қатты қозғаса эритроцит мембранасы зақымданады.
  7. Электрлік гемолиз. Электр тогының әсерінен эритроцит қабығы бұзылады.

Лейкоцит (leuco- ақ, cytos- жасуша) –қанның ақ түйіршіктері. 1литр қанда 4,5-9*109 , шамамен 6-8мың лейкоцит болады.

Лейкоцитоз — лейкоциттердің көбеюі.

Лейкоцитопения — лейкциттердің азаюы 

Лейкоз- лейкоциттердің көбеюі- ақ қан ауруы.

Тромбоцит- (тромбос- сгусток) — қан пластинкасы. 8-11 тәулік өмір сүреді.

Гепарин— ағзада бауырда, өкпеде, бұлшық етте, ішектің шырышты қабатында түзілетін эндогенді белсенді зат.

Фибриноген-үлкен молекулалы глобулин. Қан ұйығанда фибриноген зольден гельге айналып, ұйыған қанның негізін құрайды. Қан ұйыған кезде  пайда болған фибриннің қатысуымен тромб құрылады да қатайып тығыздалады.Осы процесс аяқталсымен фибринолиз басталады (қан тамырларын қалпына келтіру процесі) Фибринолиз еріткіш ферменттің қатысуымен өтеді.

Агрегация- жабысу.

Коагуляция-қанның ұюы.

Фагоцит- жебір жасуша.

Фагоцитоз-( phagion- обыру, жұту, қармап алу, cytos- жасуша)-  фагоциттің бөтен заттарды жұтып қоюы.

Тромбоэмболия— тамырдың тромбпен тығындалуы.

Гемоконцентрация— қанның қоюлануы.

Гемотрансфузия— қан құю.

Инфузия- сұйықтық жіберу.

Гомеостаз- қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қызметтерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды айтады.

Гемостаз-haemo- қан, stasis- тоқтау.

Гемопоэз- қан өндірілу.

Гемодинамика— қанайналым.

Гемодилюция- қанның сұйылуы (қанның құрамында судың көбеюі).

Гемофилия- қанның ұйымауы.

Геморрагия- қан кету, қанталау, қан ағу.

Гиповолемия – қанның көлемінің азаюы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *