Асқазан ішек жолдарымоторикасына әсер ететін дәрілер
Асқазан ішек жолдарының жылжыту-жиырылу белсенділігі (моторикасы) вегетативті жүйке жүйесінің жұмысымен реттеледі.
Асқазан ішек тонусы төмендегенде (ішектің гипотониясы мен атониясында) холиномиметиктер: Ацеклидин; антихолинэстеразды дәрілер Прозерин (Неостигмин метилсульфат) қолданылады.
Асқазан ішек тонусы жоғарылағанда м-холиноблокатор Атропин; миотропты спазмолитиктер Папаверин, Но-шпа тағайындалады.