Гепатопротекторларбауыр жасушаларының төзімділігін арттырып, улы заттардан арылу қызметін жақсартып, метаболизмді күшейтеді, бауырға қорғаныш әсер көрсетеді. Липидтердің ферментті тотығуын тежеп, бос радикалдарды бейтараптап, антиоксидантты әсер етеді.
Гепатопротекторлар дәрілер: Эссенциале, Гепабене (Карсил, Легалон), Адеметионин (Гептрал), Гепадиф, Тиоктацид, Лив- 52.
Гепатопротекторлар қолданылады: созылмалы гепатитте, бауырдың майлы дистрофиясында, бауыр циррозында, алкаголизмде, улануға байланысты бауыр зақымдануында.
Гепатопротекторлы дәрілік өсімдіктер: теңбіл ширақкөк (расторопша).