АҚСУ

АҚСУ — Алматы обл-ның Ақсу ауд-ндағы ауыл, ауылдык әкімш. округінің орталығы. Аудан орталығы — Жансүгіров кентінің солт-нде 25 км жерде, Ақсу өз. жағалауында орналасқан. Тұрғыны 1,9 мың адам (1997). Жетісу Алатауының солт. сілемдерінде, тау алды жазығының құрғақ агро-климаттық белдемінде жатыр. А-дың іргесі 19 ғ-дың 2-жартысында қаланған. Алғашқыда “Әбдіре бекеті” болып, 1930 жылдан бастап А. аталды. Ауылда орта мектеп, халық театры, мәдениет үйі, кинотеатр, кітапхана, аурухана бар. Тұрғындары аудан орталығымен, елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *