Ас қорыту мүшелері қызметіне әсер ететін дәрілер

 

Ас қорытылуының бұзылуы және осы үрдіске қатысатын мүшелердің аурулары өте жиі кездеседі. Бұл мүшелердің жұмысын қалпына келтіруде көптеген дәрі топтары қолданылады.

Ас қорытуға бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше мүшелер қатысады. Ас қорыту ауыз қуысында астың сілекеймен араласып, шайнаудан басталады. Ары қарай жұтқан ас кеңірдектен өтіп, асқазанға түсіп, қорытылуы жүзеге асады. Астың қорытылуы мен сіңуі ащы ішекте өтеді. Асқазан ішек жолдары секреторлы қызметі, яғни сөл бөліну, ферменттер бөліну үрдісі жүріп, тамақты ыдыратып, қанға сіңіреді. Асқазан ішек жолдары жылжыту-жиырылу қызметінің арқасында тамақ тоқ ішекке өтіп қорытылмаған бөлігі сыртқа шығарылады. Бөліп шығару қызметінің көмегімен нәжіс сыртқа шығады. Ас қорыту үрдісі гипоталамуста орналасқан ас қорыту орталығымен реттеледі (глюкокортикоидтар, гастрин, секретин гормондарының қатысуымен).

Ас қорыту мүшелерінің қандай қызметі бұзылуына байланысты әртүрлі дәрілер қолданылады.

 

 

Ас қорыту мүшелері қызметіне әсер ететін дәрітоптары

  1. Тәбетке әсер ететін дәрілер:

    а) тәбет ашатын дәрілер

   б)  тәбет жоятын (анорексигенді) дәрілер.

  1. Құсуға қарсы қолданылатын және құстыратын дәрілер.
  2. Асқазан секрециясына (сөл бөлінуіне) әсер ететін дәрілер:

  а) асқазан секрециясын күшейтетін дәрілер

  б) асқазан секрециясын төмендететін дәрілер

  в) антацидтер

  г) гастропротекторлар

  д) Хеликобактерге қарсы дәрілер

4.Өт айдайтын дәрілер:

    а) холеретиктер

б) холекинетиктер

в) холелитолитикалық дәрілер (тас ерітетін)

Гепатопротекторлар

  1. Ұйқы безі секрециясына әсер ететін дәрілер:

   а) ферментті дәрілер

 б) антиферментті дәрілер

6.Асқазан ішек жолдары моторикасына әсер ететін дәрілер:

А)Іш жүргізетін дәрілер;

Б) Диареяда қолданылатын дәрілер;

В)Ішек микрофлорасына әсер ететін дәрілер.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *