Дәрі мөлшерін есептеу

 

Мысал: Гентамицин ерітіндісі ампулада 4%- 2мл. Ампулада (2мл-де) қанша белсенді зат (гентамицин ұнтағы) бар екенін тап?

Есеп: Пайыз дегеніміз 100-дің бір бөлігі. Біздің ерітіндіміз 4%, сондықтан 100мл-дің ішінде 4грамм гентамицин бар. Латын тілінен про- центум- на «сто»- жүзде деп аударылады.  4%- 100млгентамицин ерітіндісі  4грамм гентамициннен және 96 грамм судан тұрады.

4 грамм- 100 мл- де

Х грамм- 2 мл- де          Х= 4 Х 2 / 100 = 0,08грамм (80мг)

Шешуі: 4%- 2мл гентамицин ерітіндісінде 80мг белсенді зат гентамицин бар.

 

Әсер бірлікпен берілген антибиотиктерді еріту қатынасымен еріткіш мөлшері мен қажетті дәрі мөлшерін алуға есеп шығару:

Бензилпенициллин натрий тұзы құтыда 1 000 000 ӘБ, 500 000 ӘБ мөлшерде шығарылады.

1:1қатынасында еріту үшін — 1 000 000 ӘБ бензилпенициллиннің құтыдағы ұнтағына 10мл еріткіш қосылады

1:1қатынасында еріту үшін —  500 000 ӘБ бензилпенициллиннің құтыдағы ұнтағына 5мл еріткіш қосылады

1:2 қатынасында еріту үшін — 1 000 000 ӘБ бензилпенициллиннің құтыдағы ұнтағына 5мл еріткіш қосылады

1:2қатынасында еріту үшін — 500 000 ӘБ бензилпенициллиннің құтыдағы ұнтағына 2,5мл еріткіш қосылады

1:1 қатынасында ерітілген ерітіндінің 1мл-де 100 000 ӘБ бензилпенициллин бар.

1:2 қатынасында ерітілген ерітіндінің 1мл-де 200 000 ӘБ бензилпенициллин бар.

Егер 600 000ӘБ бензилпенициллин алу қажет болса, 1:1 қатынасында ерітілген ерітіндіден 6мл, ал 1:2 қатынасында ерітілген ерітіндіден 3мл дәрі алынады.

Антибиотиктерді ерітуге қолданылатын еріткіштер:

  1. Стерильді инъекцияға арналған су;
  2. Новокаин ерітіндісі 0,5%, 0,25%;
  3. Натрий хлорид ерітіндісі 0,9%;
  4. Лидокаин ерітіндісі 1%;

Ескерту: антибиотиктер көктамырға енізілетін болса, еріткіш ретінде 0,9% натрий хлорид ерітіндісі қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *