Антибиотиктер (анти-қарсы, биос-тіршілік, өмір)- әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған биологиялық заттар немесе оның синтетикалық аналогтары.
Антибиотиктер негізгі және қосымша (резервті) деп бөлінеді.
Негізгі антибиотиктер- тиімділігі жоғары, улылығы төмен.Емдеуді осылардан бастайды.
Қосымша(резервті) антибиотиктер – улылығы жоғары, тиімділігі жоғары, кері әсерлері көп немесе оларға микроорганизмдердің тұрақтылығы тез пайда болады.
Негізгі антибиотиктер әсер етпеген жағдайда немесе оларға аллергия, тұрақтылық болғанда қосымша антибиотиктерді тағайындайды.
Антибиотиктердіңң жанама әсері: Барлық химиотерапиялық дәрілерден жылдам және баяу аллергиялар, бұлшық етке салған жерде ауырсынулар,тамырға салғанда флебит, тромбофлебиттер, суперинфекция байқалуы мүмкін. Бауырға,бүйрекке,қан жүйесіне, есту мүшесіне, бас жүйке қызметіне кері әсерлер беруі мүмкін.
Суперинфекция — химиотерапевтикалық дәрілерді қолданғанда пайда болатын кері әсерлер (кандидоз, микробтардың тұрақтылығы, қалыпты микрофлораның жойылуы, т.б.).
Антибиотиктердің көбі әсер бірлікпен мөлшерленеді.
Әсер бірлік (ӘБ) — биологиялық белсенді заттың емдік әсер көрсететін мөлшері. Әсер бірлік жануарларда тексеріліп анықталады (мысалы: 0,6мкг пенициллин = 1ӘБ, немесе 50мл сорпадағы микробты өлтіруге қабелетті антибиотик мөлшері).
Антибиотиктердің химиялық құрылысына қарай топтастырылуы:
- β -лактамды антибиотиктер(антибиотиктердің 50%-н құрайды,β–лактамаза ферментінің әсерінен бұзылады, тәуелділік пайда болады). Олар:
1.Пенициллиндер:Бензилпенициллин натрий тұзы(калий және новокаинтұзы), феноксиметилпенициллин, бициллин-1(5),Ампициллин тригидрат,ампиокс, амоксициллин, аугментин.
Әсер ету механизмі микроорганизмдердің жасуша қабырғасындағы синтезін жойып, бактерицидті әсер етеді. Пенициллиндер микроорганизмдердің вегетативті түріне әсер етіп, ұрықтарына әсер етпейді.
Пенициллиндер қолданылады: пневмония, бронхит, ангина, дифтерия, менингит, гонорея, бленорея, мерез, сібір жарасы ауруларында, көз, құлақ, несеп жолдары, жұмсақ ұлпалардың іріңді инфекцияларында және гиникологиялық инфекцияларда қолданады.
2.Цефалоспориндер:
I-буыны:Цефазолин (кефзол), цефалексин.
II-буыны:Цефуроксим(зинацеф).
III-буыны:Цефотоксим(клафоран), цефтазидим (фортум), цефтриаксон(роцефин).
IV-буыны:Цефепим(Максипим)
3.Басқа β-лактамды антибиотиктер:а.Карбопенемдер: Имипенем, Тиенам, Меропенем. б.Монобактамдар: Азтреонам
- II. Макролидтер: Эритромицин, Олеандамицин, Спирамицин(Ровамицин), Кларитрамицин(клацид), Азитромицин (Сумамед), Линкомицин.
III.Тетрациклиндер: Тетрациклин, Метациклин, Доксициклин.
Жанама әсері: кальций алмасуын бұзады. Балаларда сүйек дамуы нашарлап, тіс өсу баяулайды.
- Левомицетиндер: Левомицетин, Синтомицин линименті, Левомеколь жағылмасы, Олазоль аэрозоль.
Жанама әсері: қан түзілуінің бұзылуы, тері аурулары (экзема, псориаз, саңырауқұлақтармен зақымданулар)
- Аминогликозидтер: Стрептомицин, Канамицин, Мономицин, Гентамицин.
Қарсы көрсеткіштері: бүйрек аурулары, есту мүшесінің бұзылулары, миастения, жүктілік
- Полимиксиндер: Полимиксин М ,В,Е.
- Әр түрлі антибиотиктер:
1.Гликопептидтер:Ванкомицин(Эдицин)
2.Ристомицин
3.Анзамициндер:Рифампицин(бенемицин)4.Фузидин-натрий5.Фузафунжин(Биопарокс)