Химиотерапевтикалық дәрілер- жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын инфекция қоздырғыштарына әсер ететін препараттар.
Химиотерапевтикалық дәрілердің топтастырылуы:
- Антибиотиктер.
- Микробқа қарсы қолданылатын синтетикалықдәрілер.
- Туберкулезге қарсы дәрілер.
- Вирусқа қарсы дәрілер.
- Паразиттерге қарсы дәрілер:
- Спирохетозға қарсы (мерезге қарсы) дәрілер.
- Саңырауқұлактарға карсы дәрілер.
- Карапайымдыларға қарсыдәрілер.
- Құрттарға карсы (гельминтке қарсы) дәрілер.
Химиотерапия принциптері:
1.Қоздырғышқа қарсы сезімталдығы жоғары препаратты таңдау; анықталған қоздырғыш микробқа қарсы препаратты таңдап тағайындау.
2.Емді дер кезінде бастау; ауру қоздырғышы белгісіз болса да кең спектрлы дәрілердің бірі тағайындалып, емдеу жүргізіледі.
3.Енгізу арасындағы дәл уақыт аралығын сақтай отырып, препараттың тиімді мөлшерін қабылдау; Мысалы бензилпенициллин дәрісінің әсер ету ұзақтығы 6 сағат. Сондықтан 6 сағат сайын тағайындалған келесі дәрі мөлшері қабылдануы тиіс.
4.Ауру белгілері жойылғанша және 2-3күн артығымен емдеу;Пациенттің жағдайы жағсарғанмен, ағзасындағы ауру қоздырғыштары толық жойылмаған болуы мүмкін.
5.Біріктірілген ем жүргізу (қоздырғыш түрлеріне қарай 2-3 дәріні қатар тағайындау);
6.Қажетті жағдайда аурудың алдын алу үшін емдеу кестесін қайталау; Созылмалы ауруларда (ревматизм, т.б.) пациенттің ауруы қозбай тұрғанда, жыл сайын емдеу курсын жүргізу.