Абсорбция— асқазан ішек жолдары арқылы дәрінің сіңірілуі, сорылуы.
Реабсорбция— қайта сіңу.
Биотрансформация немесе метаболизм- дәрінің ағзада химиялық өзгеруі, зат алмасу процесі.
Биожетімділік— қан айналым жүйесіне түскен дәрі көрсеткіші.
Элиминация— дәрілердің өзгеріп ағзадан шығуы. Бүйрек және бауыр арқылы жүреді.
Ксенобиотик— ағзаға түскен бөгде зат.
Фильтрация— сүзілу- дәрінің жасуша қуыстары арқылы өтуі.
Т ½ — жартылай шығу кезеңі (период полувыведения)- дәрінің ағзада 50%- ға азаюы.
Клиренс— ағзадағы биологиялық сұйықтықтардың, тіндердің тазару жылдамдығының көрсеткіші.
Креатинин— ақуыздардың бұлшық еттерде ыдырауынан пайда болатын зат. Креатинин бүйректе сүзіліп, зәр арқылы шығады.
Клиренс креатинин— бүйректің креатининді шығару көрсеткіші немесе кретининнен тазарған қанның көлемі. Дені сау адамдарда клиренс креатинин минутына 125мл-ге тең (80-150мл/мин). Бұл бүйрек минутына 125мл қанды креатининнен тазартатынын көрсетеді. Бүйрек қызметі бұзылғанда клиренс креатинин де төмен болады.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін анықтау.
- ші дәрежелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде (СБЖ) бүйрек шумақтарында сүзілу (БШС)= 90 ↑
- ші дәрежелі СБЖ БШС = 60-90
- ші дәрежелі СБЖ БШС = 30-59
- ші дәрежелі СБЖ БШС = 15-29
V — ші дәрежелі СБЖ БШС = 15-тен төмен
Дәрілердің сіңуі олардың суда немесе майда еруіне байланысты. Суда еритін дәрілер миқабаттарына өтпейтіндіктен олардыдың сулы ерітінділерін қолдану тиімсіз (гематоэнцефальды барьер). Цитостатикалық дәрілер өте уытты болғандықтан, уытты әсерін азайту үшін көк тамыр арқылы енгізіледі.
Дәрілерді қалай енгізсек те оның әсері дәрінің қалай сіңетініне (биоусваяемость) және ағзаның қабылдауына (биодоступность) байланысты. Мысалы көк тамырға, артерияға енгізілген дәрінің сіңуі мен қабылдануы 100%, ал басқа жолмен енгізілген дәрінің әсері оның керекті жерге жеткен мөлшеріне байланысты. Дәрінің керекті жерге жеткенінше арасында бірнеше факторлар әсер етеді.
Олар: 1. Асқазан сөлі мен ферменттермен әрекеттесуі
- Ішек микрофлорасымен әрекеттесуі
- Тамақпен әрекеттесуі
- Асқазанда дәрілердің бір-бірімен әрекеттесуі
- Асқазан мен ащы ішектің функциональды жағдайы және т.б.
Дәрі асқазаннан, бауыр тамырлары арқылы жалпы қан айналым шеңберіне өтеді. Сіңірілу барысында дәрінің өзгеріп, жоғалуын элиминация деп атайды. Мысалы энтеральды қабылданған наркотикалық анальгетик Морфиннің сіңуі 33%- ға тең.
Тіл астына салған дәрі қанға тез сіңеді, элиминациясы аз. Бірақ ұзақ қолданатын болсақ сілекей бөлінуі күшейіп, ауыз қуысында қабынулар, тітіркенулер болуы мүмкін.
Тік ішектің төменгі бөлігінде дәрі қанға жақсы сіңеді- биожетімділігі жоғары, ал жоғарғы бөлігінен сіңу бауыр арқылы өтеді.
Мұрын шырышты қабатынан майда жақсы еритін дәрілер элиминациясыз жақсы сіңеді. (Кордиамин, фентанил, кетамин).
Тері арқылы жапсырмадан дәрі элиминациясыз жақсы сіңеді (нитроглицерин). Жиі қолданса теріде тітіркену, дерматиттер болуы мүмкін. Терлегенде жапсырма түсіп қалады.
Ингаляция қолданғанда дәрі өкпе альвеольдары арқалы тікелей қанға сіңеді. Дәрінің сіңуі олардың майдалануына (размері 20мкм- ден жоғары емес) байланысты.
Жергілікті тамшы түрінде, апликация жасау арқылы, қынапқа енгізген дәрі жергілікті және резорбтивті әсер етеді. Тимолол- β-адреноблокатор- глаукомада көз тамшысы түрінде қолданылады. Мұрын қуысы арқылы қанға сіңіп, қан қысымын төмендетіп, брадикардия болуы мүмкін.
Артерияға дәрі сирек қолданылады. Аспаптық зерттеулерде Омнипак, Йодамид дәрілерін — ангиографияға қолданады.
Трахея ішіне өкпе, бронхыларды тітіркендіретін дәрілер қолданады (адреналин, атропин, лидокаин). Қолданар алдында 10мл изотоникалық ерітіндімен араластырады.
Кейбір заттардың сіңірілуі (абсорбция) — асқазанда өтеді, бірақ көбінесе дәрі-дәрмектер аш ішекте сіңіріледі.
Сіңірілу дегеніміз дәрілердің жасушалардың липопротеиндік плазмалық мембранасы арқылы өтуі. Ішектегі кедергі бір қабат эпителийден тұрады, тері бетінен сіңірілгенде дәрі бірнеше жасушалық қабаттардан өтеді. Мембрана арқылы тасымалданудың механизмдері: пассивті жай диффузия, белсенді транспорт, пиноцитоз.
Жай диффузия жолымен липофильді дәрілік заттар сіңіріледі. Дәрілік заттардың липидте ерігіштігі күшейген сайын жасуша мембаранасынан оңай өтіп, тез сіңіріледі. Дәрілердің концентрациясының градиенті бойынша, концентрациясы жоғары аймақтан төмен аймаққа қарай өтіп, энергия жұмсалуын қажет етпейді. Қосылыстардың липофильділігі молекулалардың иондалу дәрежесіне байланысты. Бейтарап молекулалар (қанға тез сіңіріледі) иондар мен полярлы молекулаларға қарағанда липофильді болып келеді. Мысалы, тиопентал мен барбиталдың химиялық құрылысы ұқсас, концентрациясы мен шығарылу түрі бірдей. Бірақ сіңірілу дәрежесі әртүрлі, яғни тиопентал липофильді, барбиталға қарағанда тез сіңіріледі. Дәрілік заттардьщ сіңірілуі сутектік көрсеткіш (рН) ортаға байланысты. Ортаның рН жоғарылауы қышқылдардың диссоциациялануына алып келеді. Липидте ерімейтін дәрілік заттар биологиялық мембранадан нашар өтеді. Олар біртіндеп жасуша ішіне жасуша мембранасының саңылаулары арқылыфильтрация жолымен өтіп, гидростатикалық және осмостық қысымға тәуелді болады. Бұл жолмен кейбір сұйықтықтар (0,4 нм), иондар және майда гидрофильді молекулалар (мочевина) жеңіл өтеді.
Белсенді транспорт — дәрілердің концентрациясының градиентіне қарсы, концентрациясы төмен аймақтан жоғары аймаққа өтіп, энергия жұмсалуын қажет етеді. Бұл жолмен суда еритін гидрофильді полярлы молекулалар (бейорганикалық иондар, қант, аминқышқылдар және пиримидин негіздері) жеңіл өтеді.
Пиноцитоз жолымен жасуша мембранасында көпіршік түзіліп, инвагинацияланады (ішектің бір қабаты екінші қабатына еніп сіңірілу). Көпіршікке дәрілік заттар мен сұйықтықтар еніп, ол көпіршік мембрананың қарсы бетіне өтіп, сол жасуша ішінде көпіршіктен дәрілік заттар мен сұйықтықтар босап шығып сіңіріледі.
Сіңірілудің маңызды сипаттамасы биосіңімділік.
Биосіңімділік деп препараттың алғашқы мөлшеріне байланысты өзгерілмеген заттың мөлшерін көрсетеді. Биосіңімділік дәрілердің физико-химиялық ерекшеліктеріне, дәрілік түрлеріне және оның дайындалу технологиясына, енгізу жолдарына, қан айналымының жылдамдығына, сіңіретін беткей ауданына тәуелді.
Дәрілік заттардың ағзада таралуы. Дәрілер қанға сіңірілгеннен кейін немесе тікелей қанға енгізілгеннен кейін ағзаның сулы фазасында — қанда, жасуша сыртындағы және жасуша ішіндегі (дене салмағының 70%) суда таралады. Ересектерге қарағанда балаларда судың ағзада көп болуынан кейбір дәрілердің таралу көлемі артады, оларға: жүрек гликозиді- дигоксин, холиноблокатор-атропин, антибиотиктерден– аминогликозидтер жатады. Ағза сусызданған жағдайда дәрілердің таралу көлемі азаяды және олардың концентрациялары өседі, фармакологиялық әсері күшейеді.
Көк тамырға енгізгенде дәрілердің басым концентрациясы қанмен жақсы жабдықталған мүшелерде — бас миында, жүректе, бауырда, бүйректе, өкпеде, эндокринді безде пайда болады. 6-10 минут өткеннен соң дәрілер қанмен жабдықталуы аз мүшелер — қаңқа бұлшық еттерінде, май ұлпаларында таралады. Ішке, бұлшық етке және тері астына енгізгенде сіңірілуі мен таралуы қатар жүреді.