Дәрі мөлшері

 

Дәрінің мөлшері – 1 реттік қабылдауға арналған препараттың мөлшері.

Дәрі мөлшер түрлері: жоғарғы реттік мөлшер, жоғарғы тәуліктік мөлшер, соққы әсерлі(ударная) –қарқынды мөлшер, терапевтикалық мөлшер, улы(токсикалық)мөлшер, курстық мөлшер, ең жоғарғы көтерімді мөлшер, өлімге әкелетін (летальная-смертельная доза) мөлшер.

Жоғарғы реттік мөлшер —  дәрі мөлшерін асырғанда уытты әсер көрсететін, 1рет қабылдауға арналған дәрі мөлшері

Жоғарғы тәуліктік мөлшердәрі мөлшерін асырғанда уытты әсер көрсететін, 1тәулік ішінде  қабылдауға арналған дәрі мөлшері

Соққы әсерлі(ударная) –қарқынды мөлшер- пациент ағзасында инфекция өршіп тұрған уақытта (t жоғарылап, ауыр халде болғанда), микробтардыжылдам азайту үшін 2-4 есе артық берілетін доза.

Ең  жоғарғы көтерімді мөлшер-  пациенттің кейбір мүшелерін зақымдауға әкелетін, максимальды көтере алатын, өлімнен арашалайтын дәрі мөлшері (өлім мен өмір аралығында жатқан жағдайда қолданылады).

Терапевтикалық мөлшер— емдік  әсер көрсететін дәрі мөлшері.

Улы(токсикалық)мөлшер-  ағзаға зақым келтіретін дәрі мөлшері

 

Терапиялық кеңдік (т.к.)- ең төменгі терапевтикалық мөлшер (т.м.) мен ең төменгі улы мөлшердің (у.м.) аралығы. Осы мөлшер аралығы жоғары болса препараттың қауіпсіздігі төмен болады(мысалы: т.м=1,0болса, ал у.м =1,5 болса, т.к. 0,5 немесе т.м =1,0 ал  у.м=5,0 болса т.к. 4-ке тең)

 

Дәрілік заттардың мөлшері:

1,0 – 1 грамм немесе 1000 мг

0,1 – 1 децеграммнемесе 100 мг

0,01 – 1 сантиграммнемесе 10 мг

0,001 – 1 миллиграмм

0,0001 – 1 децемиллиграммнемесе 100 мкг

0,00001 – 1 сантимиллиграммнемесе 10 мкг

0,000001 – 1 миллимиллиграммнемесе 1 мкг

Сұйықдәрілермиллилитрмен, граммен немесетамшымен көрсетіледі. Спирттер мен майлар миллилитр немесе граммен көрсетіледі. Жануарларда тексерілген дәрілер әсер бірлікпен (ӘБ) мөлшерленеді.

Қасық өлшемдері:

1ас қасық = 15мл                                          1мл су =20тамшы

1орта  қасық = 10мл

1шай қасық = 5мл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *