XX- XXI ғасырда Қазақстанда фармация саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар

XX- XXI ғасырда Қазақстанда фармация саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар:

Салкен Хасенұлы Субханбердин,

Галина Иогановна Самарина,

Есболған Тегісбайұлы Тегісбаев,

Танагүл Әкімбайқызы Арыстанова,

Намазбай Жаппарұлы Орманов,

Ильяс Райханұлы Құлмағамбетов,

Марат Нүкенұлы Мусин.

Салкен Хасенұлы Субханбердин. 1938 ж. Алматы облыстық дәріхана басқармасында (АУ) басшылық қызмет атқарып, Ұлы Отан Соғысы жылдарында орасан еңбек еткен. 74 ғылыми еңбектердің, 14 дәрілік заттар туралы монографиялардың авторы.

Галина Иогановна Самарина. Фармаколог, медицина ғылымдарының докторы (1972 ж.), профессор (1974ж.), Ұлы Отан Соғысының ардагері, АММИ фармакология кафедрасын 26 жыл бойы басқарған. 90-ға жуық еңбектің, 1авторлық куәліктің иегері;

Есболған Тегісбайұлы Тегісбаев. Фармация ғылымдарының кандидиты (1967 ж.), доцент, Отүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының (ОҚММА) құрметті профессоры. 95-ке жуық ғылыми еңбектердің және т.б. оқулықтардың авторы;

Танагүл Әкімбайқызы Арыстанова. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фармация ғылымының докторы, профессор, ОҚММА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі. Т.Ә.Арыстанова — фармация ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан белгілі ғалым. Оның ғылыми бағыты — Отандық өсімдік шикізатынан дәрілік препараттар дайындау.

Намазбай Жаппарұлы Орманов. Медицина ғылымдарының докторы (1992 ж.), профессор (1994 ж.), ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, ҚР денсаулық сақтау үздігі (1996 ж.) атағын алған. 164 ғылыми еңбектердің, 8 оқу құрал, 20 әдістемелік нұсқау, 10 авторлық куәліктің авторы.

Ильяс Райханұлы Құлмағамбетов, Реаниматолог, клиникалық фармаколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 120ғылыми еңбектері, 6 монографиясы, 1 оқу құралын (2 томда) және т.б. оқулықтар жазған. Оның басқаруымен Қазақстанда клиникалық фармакология кафедрасы (1991ж.) ашылды. 1994 ж. Қазақстанда дәрілік заттардың Мемлекеттік реестрінің бірінші шығарылуын дайындаған. 1997ж. Қазақстанда „Фармакология», «Қлиникалық фармакология» мамандығы бойынша 1-ші рет 22.05.1998 ж. №286 аумақтың докторлық диссертациялық бұйрығы күшіне енді.

Марат Нүкенұлы Мусин. Фармаколог, медицина ғылымдарының докторы (1993 ж.), профессор (1995 ж.), 80-ге жуық еңбектің авторы.

XXғасырда фармакология қарқынды дамыды. Антибиотиктер, сульфаниламидтер, антигистаминді дәрілер, Н2— гистамин блокаторлары, кальций арналарының блокаторлары, психотропты дәрілер, анаболикалық стеридтар, контрацевтивті заттар және т.б. шығарылып, қолданысқа енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *