Изек, изең, итпек, митың, итең

Изек, изең, итпек, митың, итең. Баяу қозғалған, изектеген, ілбігенжүріс, өнбес қимыл. Әлекен тақымдауын қоймай, сол изек жүріспенКеусер өзеніне түс қайта әрең жеттік (Ғ. Орманов). Елдерінен шыққалы қыл арқан кесіп, қанталап қалған білектері түйенің изең жүрісінен қайтадан қажалып, бебеулете түсті (Ә. Кекілбаев). Мұндай итпек қимылмен айтылған мерзімге дейін жұмысымыз біте қояр ма? («Жалын»). Онсыз да өгіз митыңмен келе жатқан такси, ол жүріс те көп болғандай, тоқтап қалды (Ә. Мархабаев). Күні бойы жол жүріп шаршаған серіктері сол бұрынғы итеңмен жылжи берді (Ауызекі тіл).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *