Ресей Тәжікстанға мектептер салып бермек…

Тәжікстанның бес қаласында — Душанбе, Куляб, Худжанд, Бохтар және Турсунзаде де орыс тілінде оқытылатын жаңа мектептер салынады. Жаңа мектептер екі елдің арасындағы келісім шарт негізінде салынбақ. 


«Біз Тәжікстанның ресейлік білім беру жүйесіне қызығушылық танытатындығына, біздегі ресейлік білімнің сапасын шетелдік әріптестеріміз жоғары бағалайтынына қуаныштымыз», — деді білім министрі Сергей Кравцов. — Ресейлік білім беру стандарттарын қолдану тәжік балаларына сапалы білім алуға және орыс үлгісіндегі сертификат алуға тамаша мүмкіндік болар еді, — деп те атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, 2019/20 оқу жылында Ресейлік мұғалімдер (биология химия, география) 7 мыңнан астам тәжік студенттеріне сабақ берді.

Жоба келесі оқу жылында эпидемиологиялық жағдайға қарай жалғасады деп жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *