АҚСАРБАС

АҚСАРБАС — тілеу тілеп, ақ ниетпен құдайыға сойылатын мал. Ерекше қуанғанда, қатты шошығанда немесе әлденеден тосын қатерге тап болғанда жаратқанның жебеуі үшін арнайы атап шалынады. Ерте заманнан келе жатқан бұл ғұрып табиғат құбылысына, тылсым күшке иланудан пайда болған. А-қа түсі бірыңғай ақ не боз, басы сарғыш не қасқа мал аталады. Ақ түс қазақ сенімі бойынша пәктіктің, адалдықтың, әділдіктің нысаны. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *