АҚСАРАЙ

АҚСАРАЙ —Әмір Темір дәуірінде салынған зәулім сарай. Өзбек Респ. Шаһрисабз қ-нда орналасқан. Іргесі 1380 ж. қаланған. Темірдің Хорезмдегі жеңісінің құрметіне салынған. А. Бибі ханым, Қожа Ахмет Иасауи кесенелері сияқты үлкен порталды (50 м) күмбездер қатарына жатады. Сарай қабырғаларында араб әрпімен тарихи және діни жазулар, асыл тастармен, алтынмен жалатқан ою-өрнектер кездеседі. Олардың ішінде 798 һижра жылы (16.10.1395 — 5.10.1396) деген жазулар бар. А. аты Бабыр патшаның жазба деректерінде кездеседі. Патша кеңесіне арналған үлкен және кеңесшілерге арналған кіші бөлме болған. Басқа бөлмелер бірін-бірі қайталамайтын өрнектерге толы. 1403 ж. Шаһрисабзде болған испан елшісі Г. Клавихо Сарайдың ерекше сәулетті екенін жазады. А. құрылысы Темір тұсын да бітпей, баласы Шәхруһ аяқтаған. Деректерде 1707 ж. А-да Бұхар ханы Ұбайдолла отырғаны айтылады. Қазір А. мемл. және ЮНЕСКО қам- қорлығында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *