Қорқынышты қысқа әңгімелер

Ұлымды ұйықтатпақ болып, төсе­гіне жатқыздым, ол болса, “Кереуе­тімнің астында мақұлық бар”, — дейдi. Таңғалып кереуеттің астына иiлiп қарасам­, ол  жерде  ұлым:- Әке, төсегімде басқа бiр бала жатыр,­ — деп қорқып отыр.

Таң ата ұялы телефонымнан өзiм ұйықтап жатқан суретiмдi тауып алдым­. Мен үйде жалғыз тұрамын.

Джектің 23:00-де болатын “Қауіпті сәт” бағдарламасы басталғанда теле­дидар пультiн таба алмай қалатыны бар. Осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған­ ағасы да бұл бағдарламаны ұнататы­н едi…

Жарым кеште жалғыз өзім такси тоқтаттым. Жүргізушісі:- Қай мекенжайға барасыңдар? — деп сұрады.

Қорқынышты түс көріп, арпалысы­п жатыр екенмін. Зорға оянып көзімді ашсам, төсегімнің аяқ жағында ағам отыр.

— Не болды? — деп сұрады.

— Түсімде бір топ шайтанның бастары­н қолыңа ұстап мені қуалап жүрсің, — деп едім.

Ағам басын жұлып алды да, “Былай ма?”, — деді…

Кешкісін жұмыстан қайтып бара жатып, төменге түсу үшін лифтті шақыру нүктесін бастым. Қарасам, адам жоқ. Тез ішке ендім. 10-қабаттан түсіп келемін, 6-қабатқа жеткенде, лифт тоқтатылып, есігі ашыла бер­генде қыз бен жігіт кірмекші болды да, іркіліп кейін шегініп кетті. Лифт жабыла­р-жабылмастан бір-біріне айтып­  жатқан: — Не деген көп адам еді! — деген таңғалыс­қа толы сөздерін құлағым шалды…

Түн ішінде компьютер ойнап­  отырғанмын.  Кенет  терезе­ тықылдағанға барып қарасам­, көрші досым сыртқа шығып ойнап келуге­ шақырды. Мен терезені ашып ойынға шыға алмайтынымды айтуға оқталғанымда ойыма өзімнің бүгін ғана 1-қабаттан 10-қабатқа көшіп келгені­м түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *