Корпорацияның қаржылық жағдайын бақылау. Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы

 

Корпорацияның қаржылық — шаруашылық қызметіне және қаржылық жағдайына күрделі талдау беру қаржы ресурстарын болжамдау және жоспарлау, сонымен қатар оларды жұмылдырудың ішкі резервтерін ашуға мүмкіндік береді. Корпорацияның тұрақты қаржылық жағдайы оның өндірістік және әлеуметтік дамуын, жұмысшылардың материалдық жағдайын анықтап отырып компанияның болашақта қызмет етуінің шарты болып табылады.

Қаржылық жағдайын келесі негізгі бағыттар бойынша бағалауға болады:

  • Корпорация қызметінің қаржылық нәтижелерін бағалау. Бұл жерде кірістер мен шығыстардың құрылымына, оған әсер еткен факторларға талдау беріледі.
  • Корпорацияның иелігіндегі қаражаттардың мөлшерін бағалау. Бұл жерде кірістердің бөлуіне талдау беру компанияның қаржылық жағдайына бюджет төлемдерінің әсерін қарастыруға мүмкіндік береді. Корпорацияның иелігіндегі қаражаттарды орналыстыру және пайдалану бағыттарына назар аудару қажет.
  • Айналымын қаражаттардың жағдайын талдау, олардың құрылымындағы өзгерістерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айналым қаражаттарды бағалау дебиторлық және кредиторлық берешекті талдаумен байланысты. Бұл жерде дебиторлармен есеп айырысудағы қаражаттардың қолайлы емес салынуының мөлшерін және себептерін анықтау, сондай-ақ айналымдағы кредиторлар қаражатының заңсыз пайдаланылуын анықтау бастапқы мәселе болып табылады.

Сонымен қатар қаржылық талдауды жүргізген кезде ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін, ақшаға тез айналатын басқа да активтерді қарастыру қажет.

Ақшалай қаражаттардан кейін активтердің екінші тобын қаржылық салымдар және  қысқа мерзімді дебиторлық берешек құрайды. Үшінші топқа өтімділігі төмен активтер жатады.

Материалдық — өндірістік босалқы қорлар. Осы топтастыру негізінде ағымдағы, жылдам, абсолюттік өтімділік коэффиценттерін есептеу қажет. Корпорацияның қаржылық жағдайына манызды талдау беру оның ұзақ мерзімді қызметін бағалау негізінде жүргізіледі. Бұндай талдаудың кең тараған көрсеткіштері болып табылатындар:

  • Меншік капиталды шоғырландыру коэффиценті (компанияға салынған жалпы қаражаттың ішіндегі акционерлер капиталының үлесі).
  • Қаржылық тәуелділік коэффиценті (компанияға салынған жалпы қаражаттың ішіндегі қарыз капиталдың үлесі).
  • Меншік капиталды оңтайландыру коэффиценті (айналым капиталға салынған ақшалай ресурстардың үлесі).
  • Ұзақ мерзімді салымдар құрылымының коэффиценті (ұзақ мерзімді қарыз қаражаттар есебінен қаржыланған ұзақ мерзімді инвестициялардың үлесі).
  • Тартылған капитал құрылымының коэффиценті (қарыз қаражаттардың жалпы сомасындағы ұзақ мерзімді қарыздың үлесі).
  • Меншік және тартылған капиталдың ара салмағының коэффиценті (компанияның қаржылық тұрақтылығына жалпы баға беру).

Келтірілген көрсеткіштер компанияны қаржыландыру көздерінің құрылымын жан-жақты сипаттайды. Олардың мағынасы әрбір факторларға әсер етеді, сондықтан олар әр бір компания үшін әр түрлі болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *