Корпорацияның қаржылық жоспары

 

Нарықтық жағдайда қаржыны басқарудың жаңа әдістерін қолданбай, кәсіпорынның (корпоративтік) тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мүмкін емес. Қаржылық менеджменттің әсерінің жоғарлауының қаржысын жоспарлау және бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Мұнда шетелдік және отандық тәжірибенің көптеген жылдардағы талдауында микродеңгейдегі қаржылық жоспарлауды жақсарту мәселесі болашақта да ауқымды болып қала бермек.

Жоспарлау арқылы нарықтық ортаның кері әсері мен оның кәсіпорындар (корпоративтер) үшін жайсыздығын елеулі түрде төмендетуге болады.

Ұйымдарда қызметті жоспарлаудың мағынасы екі аспектіден тұрады:

  • фирма теориясының көзқарасынан жалпы экономикалық;
  • менеджменттің қызметтерінің бірі ретінде — нақты басқарылатын;

Жоспарлаудың екі аспектісі тығыз байланысты және өзара келісілген. Жоспарлау көмегімен сату келісімдері бойынша кәсіпорын (корпорация) ішіндегі артық трансакциялық шығындар жойылады. Мысалы: сатып алушыларды іздеу, консультациялық қызметтерге төлемдер және т.б.

Жоспарлау басқару персоналына келесі сұрақтарға жауап беруде көмектеседі.

  1. Кәсіпорынның даму деңгейі қандай (оның экономикалық әлеуеті) және оның қаржы — шаруашылық қызметінің нәтижелері қандай?
  2. Кәсіпорын қандай ресурстарды және қаржылық ресурстарды қоса алғанда мақсаттарына жете алады?

Ұзақ мерзімді және шұғыл жоспарлар жүйесі негізінде ұйымның жоспарланған жұмыстары жүзеге асырылады; яғни персонал мотивизациясы, жоспарлар көрсеткіштерінің көмегімен бақылау нәтижесі және оның бағасы. Корпорация кәсіпкерлік тәуекелдердің барлығын жоя алмайды, бірақ болжай алуының көмегімен оның жайсыздықтарын төмендете алады.

Индустриалды дамыған елдердің тәжірибесінде көрсеткендей, жоспарлауды қолдануда корпорация үшін келесі жағдайлар туындайды:

  1. Нарық жағдайында өзгеретін болашақтағы қолайлы шарттарды қолдануға дайындау үшін мүмкіндік береді;
  2. Көптеген туындайтын мәселелерді түсіндіреді;
  3. Алдағы жұмыстар үшін өздерінің шешімдерін сатуға менеджерлерді ынталандырады;
  4. Корпорацияның құрылымдық бөлімшелердің арасында іс-әрекеттер үйлесімділігін жақсартады;
  5. Басқарма үшін тиімді ақпараттармен қамтамасыз етілуіне жағдай молайтылады;
  6. Корпорацияда бақылаудың күшеюіне және ресурстардың тиімді бөлінуіне әсерін тигізеді.

Қаржылық жоспарларды (бюджеттерді) кәсіпорындарда (корпорациялада) әзірлеу өлшем жүйесінде олардың ақшалы шаруашылығын тұрақтандыру бойынша маңызды орын алады.

Қаржылық жоспар — ағымдағы (бір жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары) мерзімдегі кәсіпорынның қаражаттарынының түсуі мен шығындалуын көрсететін жалпыланған құжат. Ол ағымдағы және капиталдық бюджеттердің құрылуын ұсынады, сонымен қатар қаржылық ресурстардың 2-3 жылға болжамы.

Қарыжылық жоспарлаумен байланысты негізгі түсініктерге анықтама берген жөн.

Бюджет — оперативтік қаржылық жоспар, алайда бір жылға құрылып, корпорацияның ағымдағы, инвестициялық және қаржылық қызметінің кірістері мен шығыстарын сипаттайды. Корпорациялық қаржыны басқару тәжірибесінде бюджеттің екі негізгі түрі — ағымдағы (оперативті) және капиталды (негізгі) қолданылады.

Бюджеттендіру — оперативтік жоспарлаудың мақсаттарына сай нақты бюджеттерді құрастыру процесі.

Капиталды бюджеттендіру — корпорация капиталын басқару бойынша нақты бюджеттерді құрастыру процесі, яғни капиталды қалыптастыру көздері мен оларды орналастыру.

Бюджеттік бақылау — жоспарлы бюджетпен анықталған, кірістер мен шығыстардың бөлек көрсеткіштерінің орындалуына ағымдағы бақылау.

Смета — алдағы кезенде кәсіпорынның ақшалай қаражаттарға қажеттілігін және көрсеткіштерін есептеу бойынша іс-әрекеттік тәртібін анықтайтын жоспарлы есеп-қисаптың нысаны. Мысалы, өндіріс және өнімді өткізу шығындарының сметасы.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі объектілері болып табылатындар:

  1. өнімді өткізуден (жұмысты орындау, қызмет көрсетуден) түсім;
  2. пайда және оны бөлу;
  3. арнайы бағыттағы қорлар және оларды қолдану;
  4. бюджетке түсетін төлемдердің көлемі;
  5. бюджеттен тыс қорларға аударым;
  6. несие нарығынан тартылатын қарыз капиталдың мөлшері;
  7. айналым қаражаттарда жоспарлық қажеттілік;
  8. капиталды салымдардың көлемі және оларды қаржыландыру көздері және т.б.

Қаржылық жоспарларды құру үшін келесі мағлұматтар қолданылады:

  • Өнімді тұтынушылар мен материалдық ресурстарды жектізушілермен жасалған келісімшарттар;
  • Бухгалтерлік есеп — қисапты талдау нәтижелері және өткен кезеңдегі қаржылық жоспарлардың орындалуы;
  • Тұтынушыларға өнімді өткізу бойынша болжамды есеп-қисап. Тапсырыс, сұраныс, бағалар деңгейін және нарықтың басқа да жағдайларын еске алған жөн. Өткізу көрсеткіштері негізінде өндіріс көлемі, өнімді шығару шығындары, табыс, рентабельділік және т.б. көрсеткіштер анықталынады.
  • Заңдылық актілермен бекітілген экономикалық нормативтер (салық ставкалары, еңбек ақының минималды көрсеткіші, несие бойынша процент, аммортизациялық аударымның нормасы және т.б.).
  • Компанияның әкімшілігі қабылдаған есептік саясат.

Осы берілген негіздерде әзірленген қаржылық жоспарлар ағымдағы қаржылық — пайдалану қажеттіліктерін, инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін нұсқау болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *