Өндірістік және т.б. қызметпен айналысатын қандай да бір кәсіпорын негізгі және айналым капитал ретінде жұмыс істейтін мүлікке ие болуы қажет.
Айналым капитал дегеніміз – бұл өнімді өткізу процесіне де, өнімді өндіру процесіне де бір жола қатысатын, шаруашылық қызметі процесіне қызмет көрсететін қаражаттар.
Кәсіпорынның айналым капиталы өндіріс және айналым процесіндегі ролі бойынша өндірістік айналым қорларына және айналыс қорларына бөлінеді.
Өндірістік айналым қорлары (ӨАҚ) өндіріс саласында қызмет етіп, өндірістің материалды негізі болып табылады.
ӨАҚ-дың өндірістік негізгі қордан айырмашылығы мынада:
ӨНҚ |
ОАҚ |
1. Ұзақ мерзімде қызмет ету; 2. Заттай нысанын өзгертпей, ұзақ мерзімде өзінің тұтыну құнын сақтайды; 3. Бір ауыспалы айналымды ұзақ мерзімде жасайды (көбінесе бірнеше жыл); 4. Өзінің құнын өндірілген өнімге бөлімдермен көшіреді. |
1. Бір жолғы өндірістік циклде жұмсалады; 2. Еңбек процесінде заттай нысаны өзгереді, өндіріс процесінде өзінің тұтыну құнын жоғалтады. 3. Ауыспалы айналым өндіріс процесіне тәуелді (бір жылда бірнеше ауыспалы айналым болуы мүмкін); 4. Өзінің құнын дайын өнімге қолма-қол көшіреді. |
Кәсіпорын айналым қаражаттарының басқа элементі – айналыс қорлары. Олар айналыс процесін ресурстармен қамтамасыз етуге, кәсіпорын қаражаттарының ауыспалы айналымына қызмет етуге және өндіріс пен айналыстың бірлігіне жетуге арналған.
ӨАҚ мен айналыс қорларын біртұтас жүйеде айналым капитал біріктіру мынамен анықталады:
- Өндіріс процесі – бұл өндіріс прцесі мен өнімді өткізу процесінің бірыңғайлығы. Айналым капиталдың элементтері өндіріс саласынан айналыс саласына үздіксіз ауысып, қайтадан өндіріске қайтарылады.
- Үздіксіз процесті құратын, ӨАҚ мен айналыс қорлардың элементтерінің ауыспалы айналымы, қозғалысы бірдей сипатта болады.
Өндіріске салынатын кәсіпорынның айналым капиталы өзінің қозғалысын анықталған тауарды өндіру мақсатымен пайдаланатын – шикізатты, материалды, отынды және т.б. сатып алуға белгіленген ақша қаражатын аванстаудан бастайды.
Айналым капиталы ауыспалы айналымының сатылары мен нысандары:
|
1-ші саты |
2-ші саты |
3ші саты |
Айналым капиталы ауыспалы айналымының сатылары |
Ақша сатысыА-Т (жабдықтау)
|
Өндіру сатысы Т-Ө-Т/ (өндіріс) |
Тауарлық сатысы Т/-Д/ (өнімді өткізу) |
Авансталған құнның өзгеру нысандары |
А Т/ |
Т/ — Ө — Тр |
Т А |
Кәсіпорын қорлары мен авансталған қаражаттарының ауыспалы айналымы |
АБосалқы қорлар
Айналыс қорлар |
… БҚ — Ө — Д Ө
ӨАҚ |
Д Ө — А/
Айналыс қорлары |
Өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, айналым капитал біржола барлық сатыларда жұмыс істейді.
Айналым қаражатты ұйымдастыру мынадан тұрады:
- айналым қаражат құрамы мен құрылымын (%) анықтау;
- айналым қаражаттарға қажеттілікті анықтау;
- айналым қаражаттарды қалыптастыру көздерін іздеу
- айналым қаражаттарды иелену және оларды тиімді пайдалану.
Өтімділік деңгейіне қарай айналым қаражат құрамында жылдам өткізілетін қаражаттар мен жылдам өткізілмейтін қаражаттар қарастырылады.
- Жылдам өткізілетін қаражаттарға қысқа мерзімді қаржылық қаражаттар жатады: депозиттер, құнды қағаздар, алып-сату мақсатымен алынған тауарлар мен мүліктер;
- Жылдам өткізілмейтін қаражаттар болып саналатындар: дүмбіл заттар, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы өтімсіз тауарлар, күмәнді борыш.
- Кәсіпорын қорларының ауыспалы айналымын ұйымдастыруда меншік айналым қаражаттар маңызды роль атқарады. Алғашқы кезде меншік айналым капиталы кәсіпорын құру кезінде жарғы капиталдан қалыптасады. Алайда, кәсіпорынның меншік айналым капиталы кәсіпорынның алынған табысы арқылы толтырылады.
Сонымен қатар әрбір кәсіпорында меншік айналым қаражаттарға теңестірілген қаражаттар болады. Оларға тұрақты пассивтер жатады, яғни олар кәсіпорынның қаражаттары болып саналмайды, бірақ айналымда тұрақты пайда болып, кәсіпорынмен қолданылады.
Тұрақты пассивтерге жататындар:
- жалақы бойынша минемалды берешек, берешектен тыс әлеуметтік қорларға аударымдар;
- жеткізушілерге берешек;
- аванстар бойынша тапсырыс берушілерге берешек;
- салықтың кейбір түрлері бойынша бюджет алдындағы берешек;
- кредиторлық берешек (есеп айырысу ерешеліктерінен пайда болады).
Нарықтық жағдайда копорацияның айналымында басқа да меншік қаражаттар болуы мүмкін. Олар — резервтік қордың, арнайы бағыттағы қорлардың – тұтыну қоры, әлеуметтік дамыту, жөндеу қоры — қолданбаған қалдықтары.