ӘДЕБИ ЖАНРЛАРДЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУДАҒЫ ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ

 

МҰҚАНБЕТЖАН ЖАНЕРКЕ БОЛАТБЕКҚЫЗЫ

Филология бөлімінің студенті,

Ж.Мусин атындағы Көкшетау  жоғары

қазақ педагогикалық колледжі.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

 

Тыныс дегеніміз – дыбыстың қуат күші және күретамыры. Көркемсөз шеберінің табиғи дауысының жарқын да жайлы, ашық та анық, сұлу да сүйкімді шығуы, оның қалай тыныстап, қалай дем алуына тәуелді болады. Адам өз демін, әрине, саналы түрде ыңғайына қарай еркімен пайдалана алады. Дұрыс дем алу, адамның дем алу заңдылықтарын сақтай отырып жаттығуына байланысты өз ағзасының өмірлік процестерінің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Жалпы көңіл-күй жағдайын ғана емес, сонымен бірге, дыбыс шығару жүйелерінің шаршағанын қолмен сылып тастағандай әсер етеді, оның қызметін жақсартады. Тынысты ұтымды пайдаланса ғана даусын байыта түсері сөзсіз. Оның денсаулығына игі әсерін тигізеді. Ал, керісінше, дұрыс пайдаланбаса, сөздің берекесін кетіріп, дауыс жүйесін кеселге ұшыратады.

Тыныстаудың мынадай тәртібін сақтаған жөн: демді ішке тарту мен демді сыртқа шығару. Екі аралығында сөзді сабақтау үшін демді ішке тарту. Тыныс алуды бақылауды тиянақтау үшін алдымен демді ішке тартып, одан кейін дем алу керек. Қалған деммен бір шумақ қысқа өлең жолдарын айтып көріңіз.

Біріншісі, дауыс шыққанға дейін дем сыртқа қандай бұлшық ет есебінен шығады?Екіншісі, өлең жолдарын оқыған кезде тыныс жүйесінде қандай өзгерістер болады?

1.Тыныс алу жүйелерінің жұмысын техникалық жаттығулар жасау арқылы тексеруге болады. Мысалы, доп ойнап жүріп, секіріп жүріп.

2.Осы жаттығулар барысында ентігетін болса, дем алуды сақтамайтындығын байқауға болады[1, 23].

Көркем сөз оқушы  өзінің дауысын жолға қою барысында өзіндік жеке жаттығулар жасауы керек. Сол кезде мына жайларды есінде сақтағаны жөн. Тыныс жолындағы бұлшық еттер – көмей, жұтқыншақ және ауыз қуысы өзара байланысты болып, нақтырақ айтқанда, өзара тәуелді жағдайда жұмыс істеуі қажет. Бұлардыңбіреуі назардан тыс қалса, ол бәріне де кері әсерін тигізеді. Мысалы, тыныс алу жолы қызметін ғана алыңыз. Бұлдауысаппаратыныңқызметін нашарлатады. Барынша терең дем алу желбезекке артық күш түсіріп, дауыстың өзіне тән ырғақ нақышын бұзады. Бір зіл-батпан басып, жаншып тұрғандай жағымсыз естіледі. Ал, тынысты өз мөлшерінде дұрыс алмау сөздің дұрыс екпінін әлсіретіп жібереді. Оның толқындап шығуына, әуендеп естілуіне зиянын тигізеді. Өкпені артық ауамен керу кеңірдекті ұлғайтып, өкпеде қан айналымын бұзуға апарып соғады. Өкпедегі оттегінің жеткілікті болғанына қарамастан, тынысы тарылып, ентігу басталады.

Сондықтан, дұрыс дем ала білу де, оған жаттығу да – өнер. Жаттығу жұмыстарын тек қозғалмай, орнықты жағдайда ғана жасау керек дейтін сөз дұрыс емес, ол – біржақты пікір. Қажет болса, би билей жүріп те, жүгіріп те дұрыс тыныс алуға үйренген жөн. Сөйлей жүріп дем алу жаттығуын жүргізудің пайдасы зор.

Әр адам  дауыстарын жаттықтырып, жолға қою барысында жеке өздері жаттығулар жасауы қажет. Сол жаттығулар барысында мына жағдайларды есте сақтағандары дұрыс. Яғни, тыныс жолдарындағы бұлшықеттердің, көмейдің, жұтқыншақтың, ауыз қуысының өзара байланыстылығын және нақты әрі анық айтудағы тәуелділік жағдайында жұмыс істеу керек. Бұлардың бәрінің назардан тыс қалуына болмайды. Өйткені, ол кері әсер тигізуі мүмкін. Сондықтан, дем алу жолдары қызметін ғана есепке алу қажет.

Эстетикалық тәрбиенің бір саласы – сөйлей білу. Әрбір сөздің еркін және анық шығуы, тыныстың кем болуы, дауысты қалыптастыру, дауыстың сыңғырлап тұруына тікелей әсер етеді. Сондықтан да, жаттығу барысында тыныс алуға, демге, дикцияға баса назар аудару керек. Яғни, шұбыртпалы сөздермен көп жұмыс істеу өзіндік себебін тигізетіндігі сөзсіз[2, 56].

Мәнерлеп оқуға жаттығу үшін дұрыс дем алудың түрлі тәсілдерін қолданған жөн. Ол үшін жүйелі түрде жаттығулар жасап отыруы қажет.

Әңгімелесу барысында көкіректі кере дем ал деп те айтылады. Бұл кеуденің жоғарғы және орта бөлігінде өтеді. Яғни, демді ішке тартқанда адамның иықтары көтеріліп, кеудесі тартылады. Иық пен кеуде бұлшық еттері жиырылады. Кеудемен дем алғанда ауа артық жұтылып, дауыс әлсіреп қалуы мүмкін. Сондықтан да, кеудемен дем алу тиімсіз.

Демді ішке тарту бауыр еттің төмен түсуі арқылы жүргізіледі. Мұның бір артықшылығы – демді қажет кезінде жиі әрі жеңіл алуға болатындығында. Ішпен дем алу, тыныс алудың бұл үлгісі кеудеден төменгі тұста өтеді, бұл да тиімсіз.

Аралас – диафрагмалық, яғни, толық тыныс алу. Бұл өкпесі сау адамда ғана кездеседі. Барлық тыныс жүйесіндегі бұлшық еттер мінсіз жұмыс істейді. Толық дем алған тұста кеуде көріктей кеңіп, дыбыс жолдары ашылады. Сөйлеу сазын дұрыс жолға қоюдың ең тиімді үлгісі осында. Бұл үшін енді қандай машықтану жұмыстарын жасау керектігіне тоқталайық.

        Адамның жүріс-тұрысы, отырысы, денесін ұстауы тыныс (дем) алудың қалыптасқан нормасын жасауға бірден-бір септігін тигізеді. Басын тік, кеудесін көтеріңкі, екі иығын еркін қимылдатарлықтай бос, ішін тартыңқы жағдайда ұстап, өзін-өзі бейімдеп отыруы сергек сезінуге ғана емес, ең бастысы, дем алу процесінің дұрыс жүйеленуіне де пайдалы [2, 62].

        Жауырын, жота, желке, мойын, кеуде, алқым, маңдай, жақ бұлшық еттерін шынықтыру үшін жаттығу жасап отыру керек. Сондай-ақ, көмейді шынықтыру, дыбыс мөлшерінің қызметін қалыптастыруға баса назар аударылады.

        Тыныс алуды жаттығу барысында бір орында ғана жасамай, қимылдар және қозғалыстар барысында жасауға болады. Тыныс мүшелері қозғалыс кезінде күрделі жұмыстарды іс жүзінде жүзеге асырады.

Мәтінді мәнерлеп оқу үшін қажетті материалдар көркем әдебиет болып саналады. Сондықтан, оқу техникасы грамматикамен, орфоэпиямен, орфографиямен және де стилистикамен ұштасып жатады.

Көркемсөз оқу шеберлігі өзінің ісіне шын берілгендігімен және дауысымен ерекшеленеді.Сондықтан да, ең қажеттісі – сөйлеу техникасын жетік дамыту. Дикциясыз ешбір адам өзінің сөзін тыңдаушысына түсіндіре алмайды. Тыңдаушысының жүрегінен орын алып, оған жүгіну үшін де дикция аса маңызды.

Демсіз мәнерлі дауыстың болуы мүмкін емес. Дикциясыз жақсы дем болмайды. Сондықтан да, осы элементтерді бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін емес.

Дауыстың қуатын ретімен пайдалану, сахнадан оқытылатын әңгіменің мақсатына дауыстың лайықтылығын анықтап, орындалуын талап ету қажет. Ол үшін өздауысының мүмкіндігін танып, қыр-сырын толық меңгергені дұрыс.

 

                                Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. – Алматы, 1982. – 23-б.
  2. Тұранқұлова Д. Сахна тілі. – Алматы, 2011. – 56-62-бб.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *