ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ

 

  1. Дінді философиялық тұрғыдан зерттеудің ерекшелігі. Дін қоғамдық сананың формасы ретінде.
  2. Діннің әлеуметтік және гносеологиялық тамырлары. Діннің функциялары.
  3. Ақыл мен сенімнің арақатынасы. Діни сенім бостандығы мәселесі.

Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және т.б. ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.

Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:

  1. философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды;
  2. көзқарастың түрі ретінде зерттейді;
  3. діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды;
  4. діннің қоғамда атқаратын функцияларын зерттейді;
  5. сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;
  6. діннің адам бойында адамгершілікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді;
  7. діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.

Діннің пайда болу себептері мен мәні туралы мәселе философия тарихында көптеген философтардың зерттеу объектісі болды. Дін туралы ғылым – дінтануда діннің тамырлары деген ұғым қалыптасқан, бұл ұғым діннің пайда болу себептерін, әлеуметтік, гносеологиялық және адамгершіліктік мәнін ашады.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *