ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ

 

  • Ғылымның пайда болуы, неігізгі даму кезеңдері. Ғылымды зерттеу аспектілері.
  • Ғылым динамикасы. Ғылымдағы дәстүрлер мен жаңалықтар.

 

Ғылым – табиғат, қоғам және адам туралы білімдер өндіруге бағытталған зерттеу қызметі саласы.

Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік әсерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:

1) мәдени-көзқарастық;

2) өндіргіш күштер функциясы;

3) әлеумттік күштер функциясы.

Ғылымның генезисі және даму кезеңдері.

Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы, оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сырқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм: ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлелденген факторларға сүйене отырып дами алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *