ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

 

  1. ХХ ғасыр философиясының негізгі мәселелеоі және бағыттары.
  2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фром. Неопозитивизм.
  3. Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзистенциализм: М.Хайдеггер, Ж.Сартр, А.Камю, К.Ясперс, Н.Аббаньяно. Постмодернизм.
  4. Неотомизм. Структурализм: К.Леви-Стросс. Герменевтика: Г.Гадамер.

Батыс философиясы үшін ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, экзистенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуге болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.

ХХ ғасыр философиясының қалыптасу шарттары туралы айтсақ:

1) ХХ ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни, ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жарияладыйлады;

3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ ғасыр адамын толғантқан сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз еді, “Жалпы адам дегеніміз не?” деген сұрақтарпен шектелмей, “Мен кіммін?” сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *