- Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.
- Жаңа Дәуір философиясындағы рационалистік және эмпиристік бағыттар. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза.
- Дж.Локк пен Т.Гоббстың әлеуметтік-философиялық концепциялары.
- Дж.Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. XVII ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық тез қарқаынмен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді және өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсті.
Осы кезеңде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан – ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан – философиялық шығармаларда діни-теологиялық мазмұн әлі де болса мол болды. Дегенмен де, философия ғылымға көбірек бет бұра бастады.
Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз байланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударған, әлеуметтіт дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынған, қоамдық келісім үлгілерін ұсынан, рухани маңызы күшті философия болды.