ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ

 

  1. Қайта Өркендеу Дәурінің негізгі сипаттары. Антропоцентризм және гуманизм.
  2. Ортағасырлық ойлаудан Ренессансқа өту кезеңі. Э.Роттердамский; М.Монтень; Н.Кузанский.
  3. Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым. Л.Винчи, Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей ілімдері.
  4. Қайта Өркендеу Дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия. Н.Макиавелли, Т.Мор, Т.Кампанелла.

Қайта Өркендеу Дәуірі шамамен алғанда XIV-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетістіктерге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептеледі.

Қайта Өркендеу Дәурінің дамуы үш кезеңнен тұрады: а) гуманистік немесе антропоценистік – ХIV ғ. ортасынан XV ғ. ортасына дейін; ә) онтологиялық мәселелер шешілген неопланотизм кезеңі – ХV ғ. ортасынан XVI ғ. бірінші үштігіне дейін; б) натурфилософиялық кезең XVI ғ. екінші жартысынан бастап XVII ғ. басына дейін.

Қайта Өркендеу ғылымы негізінен екі үлкен ошаққа шоғырланды: 1) университеттер мен мектептер – схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз; 2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы – өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсірес, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды.

Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ, бұл     кезең – адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын, табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің құрылымы, қоғам мен адамның мәні туралы жаңа ғылыми түсінік-идеалар, болжам-үлгілер ұсынылған адамзат ойының табысты кезеңі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *