ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ХРИСТИАН ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ

 

  1. Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
  2. Августин Аврелий Томас Аквинаттың діни философиясы.
  3. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.
  4. Әл Кинди және Әл Ғазали философиясы
  5. “Таза ағайындардың” әлеуметтік көзқарастары.

Теологияның негізгі қағидалары: а) әлеуметтік статусының қандай екеніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жардегі көрінісі; ә) адамзаттың түбі бір; б) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иусус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар Орта ғасыр философиясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері А.Аврелий мен Т.Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді.

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дініменкүрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе, кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды.

Таза ағайындар (Ихван ас-сафа) туралы нақты мәліметтер жоқ. Олар құпия ұйымдардың немесе шиит секталарының (исмаилит, камат, фатимид) бірі деген болжам бар. Негізгі еңбектері – “таза ағайындар трактаттарының” авторлары да белгісіз.

Орта ғасырлық мұсылман философиясын европоцентристік көзқарастан тәуелсіз, объективті тұрғыдан бағалайтын болсақ, адам, табиғат және қоғам мәселелерін құдай мәселесімен тығыз байланысты қарастырған, әлемдік философияның дамуында маңызды рөл атқарған философия деуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *