- Көне Греция философиясының ерекшеліктері, негізгі даму кезеңдері мен мектептері.
- Милет мектебінің натурфилософиясы.
- Сократ философиясындағы адам мәселесі.
- Платон және Аристотель: ұқсастықтары мен ерекшеліктері.
- Эллинизм философиясының сипаты.
- Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
- Грек философиясының дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
Көне Грек философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Көне Грек философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:
- Табиғат философиясы кезеңі Милет мектебі. Фалес, Анаксиандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
- Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтерді.
- Б.д.д. IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Қорыта айтсақ, көне грек философиясы мазмұны бай, зерттеген мәселелер ауқымы өте кең, санқырлы, философияның салаларын кеңінен қамтыған, философияның классикалық деп атауға болатын философия десек, артық емес.