КӨНЕ ҮНДІ ЖӘНЕ КӨНЕ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

 

 

  1. Көне Үнді философиясының ерекшеліктері, философиялық ерекшеліктері, негізгі ұғымдары және бағыттары.
  2. Көне Қытай философиясының идеологиялық-практикалық сипаты, негізгі мектептері және өкілдері.

Көне Үнді философиясы

Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыс философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі деп есептейді.

Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:

  • ғылыми оймен байланысының аздығы;
  • жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
  • діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
  • философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
  • негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

Көне Қытай философиясы

Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.

1) Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті.

2) Келесі ерекшелігі – философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған мәселесі – адам, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдық мәселесі болды.

Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.

Олардың бастысы – Конфуций мектебі, ол б.д.д. екінші мыңжылдықтан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *