- Философиялық білімнің негізгі сипаттары.
- Философияның функциялары.
- Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
Философия ғылымының мәнін жән мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Сократ: “Философия – ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету”.
Геродот: “Философия – білімді, ақылдылықты сүю”.
Аристотель: “Философия – ғылымдар негізі”.
Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: “Философия – ақылдылыққа құштарлық ” – десе, Декарт: “Философия – даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім” – дейді.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:
- Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo – сүйемін, sophia – даналық дегенді , басқаша айтсақ, даналыққа құштарлық дегенді білдіреді.
- Философияның басы – таңдану. Сократ “Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін” дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.
- Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.
- Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады.
Философияның анықтамасы: Философия – бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.