Салық  қылмыстарын тергеу әдісі

 

 

  1. Салық қылмыстарының криминалистикалық сипаты
  2. Салықты төлеуден бұлтару тәсілдері
  3. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі тергеу әрекеттері
  4. Тағайындалатын сараптама түрлері мен мақсаты.

 

  1. Салық – бұл заңды қалып бойынша міндетті, мемлекеттік билік органдарымен олардың мөлшері мен төлеу мерзімі анықталған мемлекеттік бюджет жүйесіне есепке алу үшін бекітілген заңды және жеке тұлғалардың жекеше төлемдері.

            Қылмыстық заң азаматтардың салық төлеуден жалтаруға (221) және ұйымдарға салынатын салықты төлеуден бұлтару әрекет немесе әрекетсіздік қалпында кірісті жабу жолымен жүзеге асады.

            Салық қылмыстары туралы материалда ақпаратты негізгі тасушылар болып жеке тұлғалардың деклорациясы (немесе оның болмауы) және ұйымдардың бухгалтерлік құжаттары ( немесе олардың болмауы ) болып табылады.

            Салық қылмыстарының субъектісі болып ағымды заңдылықпен белгілену соңынан асатын кіріске ие және салықты төлеуден бұлтаратын жеке тұлға немесе сәйкес келетін бухгалтерлік құжаттарға қол қоятын, салық инспекциясына кіретін немесе бухгалтерлік құжаттарды өкілдік етпейтін, бірақ ұйымда сақталатын (алғашқы құжаттар) ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылады.

  1. Салықты төлеуден бұлтару тәсілдері:

а) жеке тұлғалардың салық төлеуден бұлтарудың кең тараған тәсілдері мыналар болып табылады:

— қатыссыз үлгімен толтырылған салық деклорациясы;

 

Криминалистика негіздері  116

 
   

 

 

 

— мекемелердегі ақша қаражатын төлеудің алғашқы құжаттарын қатыссыз рәсімдеу;

— жеке тұлғаға төленген ақша қаражатының толық рәсімделмеуі;

— қолма-қол ақшаны мекеме кассасы арқылы емес, қамсыздандыру фирмалары арқылы төлеу;

ә) әр түрлі салықтарды төлеуден заңды тұлғалардың бұлтаруларының негізгі тәсілдері мен әдістері:

— шарттық әрекеттің заңды рәсімдемесінің болмауы;

— шарттық операциялардың немесе жеке шаруа субъектісінің әрекет түрлерінің бухгалтерлік рәсімдемесінің болмауы немесе жартылай болуы;

— тауар материалды құнды заттарды сатудағы кірісті есептемеген деректермен негіссіз есептен шығару;

— ешқандай мағынаға иесіз шығындарды жатқызу;

— шаруашылық субъектілерімен салық жеңілдіктерін негіссіз қолдану.

  1. Тергеудің бастапқы кезеңінде қарастырылып отырған қылмысты қарауға тән тергеу әдістері мыналар: құжаттарды алу мен қарау, тінту, мүлікті және пошта-телеграфтық хабарларды тежеу, жауаптаушылар, сараптаманы тағайындау мен жүргізу.
  2. Салық қылмыстарын тергеуде әр түрлі сараптамаларды тағайындау:

— сот-бухгалтерлік сараптама – бухгалтерлік құжаттардың дұрыс рәсімделуі, материалды құндылыққа тиесілі жетіспеушілік пен артықшылық түрлерінің мөлшерін анықтау, өткен тексерістің дұрыс сапалығының мәселелерін шешу;

— сот-экономикалық сараптама – мемлекеттік есептегі жоспардың орындалуын жоспарлау мен көрінісінің дұрыстығын, қорлардың, кредиттердің қалыптасуы мен пайдалану, келісім шартты бекіту дұрыстығын және т.б. анықтау мәселелерін шешеді;

Криминалистика негіздері  117

 
   

 

 

— сот-тауартанымдық сараптама – бұйымдардың сапалық және сандық сипатын және оның техникалық үлгілер мен эталон үлгілеріне сай келуін анықтайтын мәселелерді зерттейді;

— құжаттардың криминалистикалық сараптамасы – олардың ұйымдағы бухгалтерлік есеп пен есептесудің тәртібіне сай келуін анықтау мақсатында жүргізіледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *