1. Бірде Эрнест Хемингуэй «Бірнеше сөзден тұратын, оқырманды бей-жай қалдырмайтын қысқа әңгіме жазамын» деп достарымен бәстескен дейді. Бәске құмар, боксшы жазушы сөзінде тұрып, өзінің атақты 6 сөзден тұратын әңгімесін жазған. Ағылшыншасы: «For sale: baby shoes. Never worn». Сөз саны санаулы болғандықтан, тікелей аударсақ:
«Балалар аяқ киімі сатылады. Ешқашан киілмеген.»
2. Өз шығармаларында күтпеген шешім жасайтындығымен атақты О’Генридің шағын әңгімелер жарысында жеңіске жеткен әңгімесі бар. Шиеленісіп, шарықтау шегіне жетіп барып, шешімін тапқан бұл туындыны қысқа әңгімелердің эталоны ретінде алуға да болады. Былай:
«Темекісін тұтатқан жүргізуші қанша жанармай қалғанын білмек болып, жанармай багіне үңілді. Бейбақтың жасы 23-те болатын»
3. Марк Твен де уақ бірдеңе жазудан шет қалмаған. Жергілікті газеттің бетіне оның футбол матчы туралы жазбасы шыққан екен.
«Жаңбыр жауып, ойын болмады»
4. Фредерик Браунның хоррор стиліндегі атышулы әңгімесі бар.
«Жер бетіндегі соңғы адам бөлмеде отыр еді. Есік қағылды»
5. Англиядағы бір колледжде ең қысқа әңгімеге байқау жарияланыпты. Әңгіме көлемін сақтап, еркін тақырыпта жазып ғана қоймай, арнайы қойылған төрт шарты да болған.
Патшайым мен Құдай айтылып, аздап секс пен құпия болуы қажет. Бір студенттің жазғаны жеңімпаз атанған екен. Авторының есімі ұмытылып кеткендіктен, бұл әңгіме қазіргі кезде әңкішке айналып кеткен.
«О, Жаратқан ием, мен жүктімін, бірақ кімнен екенін білмеймін,-деп айқайлады патшайым.