Жол-көлік оқиғаларды тергеу әдісі

 

 

  1. Жол-көлік оқиғалардың криминалистикалық сипаты
  2. Жол-көлік оқиғалардың түрлері
  3. Анықтауға жататын мән-жайлар
  4. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі жағдайлар мен түрлі тергеу әрекеттері
  5. Сот-жол-көлік сараптамасының шешетін мәселелері

 

  1. Автомобильді, траллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру немесе абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әрекеті (296 бап), сондай-ақ көлік құралын жүргізуші және жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзған адамның жоғарыда көзделген зардаптар болған жағдайда жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы (297 бап).

                                              Криминалистика негіздері  108

 
   

 

 

Жол-көлік оқиғалардың криминалистикалық сипаты көбінесе қасақана емес, абайсызда жасалынған қылмыстардың қатарына жататындығы анық. Олардың элементтері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  1. жол-көліктік оқиғаның болу жағдайы;
  2. жол-көліктік оқиғаның болу механизмі;
  3. түрлі материалдарды іздеу;
  4. жол тәртібін бұзған тұлғаны зерттеу;
  5. жол-көліктік оқиғаның негізгі себептері.
  6. Жол-көліктік оқиғалар өз механизмі бойынша мыналарға бөлінеді:
    • көлік құралдарының қақтығысы;
    • көлік құралдарының жолаушыны қағуы;
    • көлік құралдарының кедергімен қақтығысуы;
    • көлік құралдарының аударылуы;
    • көлік құралдарынан бөлшектердің бөлініп қалуы.
  1. Жол-көліктік оқиғаларды тергеуде анықтауға жататын мән-жайлар қатарына мыналар тиесілі:
  • оқиғаның сипаты (қылмыс, күтпеген оқиға, апат);
  • жол-көліктік оқиғаның уақыты, орны және басқа мән-жайлар;
  • жол қозғалыс тәртіпті бұзушы жүргізушінің кінәсі;
  • жол қозғалысы тәртібінің бұзылу салдарының арасындағы себепті байланыс;
  • жол-көліктік оқиғаның механизмі;
  • жүргізушінің кінәсін жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың болуы;
  • залалдың сипаты мен мөлшері;
  • қылмыстың болуына ықпал етуші мән-жайлар.
  1. Жол-көліктік оқиғаларды тергеу практикасының қатынасы келесі үш түрлі тергеу жағдайларына бөлінеді:

а) жүргізуші көлік және жәбірленуші оқиға болған жерден табылады немесе егер олар оқиға болған жерде белгілі бір

Криминалистика негіздері 109

 
   

 

 

себептермен болмаса, олар туралы жеткілікті мәліметтер болуы қажет.

            Бұндай жағдай кең таралған және көбінесе көліктердің соқтығысуынан пайда болады. Бұл ақпарат сипаты белгілі бір шарада тергеу әрекеттерінің түрі мен ретін келесі жағдайларды шешу бойынша анықтайды: оқиға болған жерді қарау; көрген куәгерлерді, жәбірленушіні, жүргізушіні жауаптау, жүргізуші мен жәбірленушіні куәгерлендіру, сот-медициналық сараптаманы тағайындау;

ә) жәбірленуші оқиға болған жерде, ал жүргізуші мен көлік жоқ және олар туралы толық мәлімет жоқ..

            Бұл жағдайда уақыт оқиға болған жер, оның салалары туралы мәліметтің болуымен сипатталады. Оған келесі тергеу әрекеттері тән: оқиға болған жерді қарау, куәгерлерді және жәбірленушіні жауаптау, сот сараптамаларын тағайындау, тану органдарына жедел іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру;

б) оқиға болаған жерде жәбірленуші мен көлік бар, ал жүргізушісі жоқ..

            Мұнда уақыт, оқиға болған жер, салдары және көлік белгілі. Оқиға болған жерді қараумен,  жәбірленуші мен куәларды жауаптаудан басқа  жүргізушіні ұстағаннан кейін, өтірік алибиді тексеру қажетті мүмкіндігі тууынан сот сараптамасын тағайындау және тану органдарына жедел іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру.

  1. Сот-жол-көлік сараптамасы шешетін мәселелердің тізімі:
  2. көлікте қандай зақымдар бар және олар ненің салдарынан қалыптасқан;
  3. көлікте қандай жөнделмейтін жерлер бар, оның түсу себебі мен ескілігі;
  4. оқиғаның алдында көлік қандай жылдамдықта қозғалған;
  5. оқиғаны болдыртпайтын техникалық мүмкіндік болды ма;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *