.
- Есірткі заттарын және жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыскердің криминалистикалық сипаты.
- Анықтауға жататын мән-жайлар.
- Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері.
- ҚР ҚК-не сәйкес есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарға: жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259 бап), оларды ұрлау немесе қорқытып алу (260), оларды тұтынуға көндіру (261), құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262), есіркі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263), оларды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264) үшін қылмыстық жауаптылық бекітілген.
Есірткілер — бұл оларды қолданғанда ерекше психиклық жағдайды туғызатын заттар. Адам ол жағдайда өте тез әдеттенеді және оны үнемі қолдануға душар болады, нәтижесінде ол әдет нашақорлық ауруына және орталық жүйке жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты есіркі заттарын медициналық емес және ғылыми мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым салынған.
Сорадан қолдан жасалынатын есірткі заттарының түрлері: марихуана, гашиш, гашиш майы, какаин, героин.
Криминалистика негіздері 105
Есіркіні алу және өткізудің ең кең тараған түрі – оны әдетте бір рет қолдану үшін кішкене доза ретінде бөлшектеп сату.
Есірткі өткізушілер топ құрамында жұмыс істейді: біреуі есірткіні ұсынады, екінщісі сырттан бақылап тұрады, үшіншісінде есірткі заттары сақталады.
- Есірткі заттарына байланысты істер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар:
— берілген қылмыс түрі жасалды ма, жасалса сезікті тұлғалардың әрекеттері ҚР ҚК-нің қай бабына сәйкес елетінін анықтау;
— қылмыс қайда, қашан және қандай тәсілмен жасалынған;
— белілген қылмысты нақты кім жасаған; егер ол топпен жасалса, топ құрамы қандай, әр қайсысы қандай әрекет жасаған?
— есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды табудың көздері, тасымалдау жолдары мен тәсілдері қандай? Осы құралдар мен заттар қандай бағамен алынып-сатылған;
— заңсыз түрде есірткіні айналымға түсіру қылмысы басқа қылмыстармен байланысқан жоқ па, байланысса қандай қылмыстармен?
— қылмыстың жасалуына ықпал етуші мән-жайлар қандай?
- Есірткімен байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғаудың себептері – полиция қызметкерлерінің аталған қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін фактілерді табуы; азаматтардың ұйымдар мен мекемелердің хаттары мен арыздары; емдеу мекемелерінің мәлімдемелері; басылымдардағы ақпараттар; өз кінәсін мойындап келу.
Берілген дәрежедегі іс бойынша тергеудің бастапқы кезеңіндегі қылмыстың нақты түріне байланысты емес келесі жағдайларды бөлуге болады:
а) заңсыз түрде есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды айналымға түсіру қылмыстың біреуінің үстінен тұлғаны ұстау және оның құқық бұзушылығын мойындату.
Криминалистика негіздері 106
Сезіктіні әшкерелейтін дәлелдер жинау үшін тергеушімен жүргізілетін жұмыстар: алынған есірткіні, оларды пайдалануға бейімділігін, сезіктінің киімін қарау, есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттардың қаптарын сақтау іздерін табу үшін қарау; егер өсіпір шығаруға тиым салынған өсімдіктерді себу немесе есірткілерді пайдалануға арналған орындарды ұйымдастыру мен ұстау деректері анықталса, сәйкес келетін тұрғын бөлімшені немесе алаңды қарау; басқа сезіктілерді ұстау мен жауаптау; сезіктілерді қылмыс іздері мен есірткі заттарын, жүйкеге әсер ететін заттарды алу мақсатында; куәларды, сонымен қатар олардың туыстарын жауаптау; сот-медициналық, химия-фармоцевтік, криминалистикалық және басқа да сараптамаларды тағайындау, жедел-іздестіруші іс-шараларын ұйымдастыру;
ә) есірткілерді заңсыз түрде айналымға салумен байланысты қылмыс белгілері анықталған, бірақ сезікті адам тығылуда. Ондай жағдайларда сезікті, оның байланыстары, басқа адамдар шеңбері, қылмыстың болуымен байланысты адамдар туралы ақпаратты жинау мен анализдеуге бағытталған тергеу әрекеттері мен басқа іс-шаралар жүргізіледі. Бұл жұмыс жедел іздестіруші ақпараттармен тығыз байланысты жүзеге асырылады;
б) қарастырылып отырған дәрежедегі қылмыс белгілері анық, қылмыс істеген сезікті анықталмаған. Мұндай жағдай мекемелердегі, медициналық ұйымдардағы бекітілген есірткі заттары және жүйкеге әсер ететін заттар өндіру, алу, сақтау, есептеу, беру, тасымалдау немесе жіберу ережелерін бұзу деректері анықталғанда немесе құрамында есірткі бар өсімдіктер отырғызылған жерлері, бөлімдері табылса немесе өздеріне белгісіз адамдардан есірткіні алуында пайда болады.
Бірінші жағдайда мыналар қажет: мекемедегі немесе ұйымдағы құрамында есірткі бар артық құралдардың пайда болу механизмін анықтау, дәрілерді қаптау технологиясын анықтау, рецептік бланктер мен жүйкеге әсер ететін заттардың
Криминалистика негіздері 107
есептен шыққан амбулаторлық карталарымен басқа медициналық құжаттарды зерттеп оқу, сезікті тұлғаларға жедел бақылауды бекіту.
Өсіруге тиым салынған өсімдіктер егілген тұрғын жерлерден тыс бөлімдерді табуда, егер егін иесі белгісіз болса, оны анықтау үшін жақында тұратын адамдарға жедел іс-шаралар жүргізіліп, сол жерде бақылаулар ұйымдастырылады.
Егер ұсталынған есірткіні пайдаланушы белгісіз адамнан есірткі алғанын көрсетсе, оны толығымен жауаптау керек және олардың байланысына анықтауға бағытталған жедел іздестіруші іс-шаралар ұйымдастырылады.