АҚСАЙ — Қарағанды обл. Шалкар алабындағы өзен. Ұз. 87 км, су жинау алабының ауд. 674 км2. Қар суымен толысады. Ұлытаудың солт.-батыс беткейінен бастау алып, Бозшакөл к-не 2 км жетпей құрғап қалады. Суы көктемде ғана ішуге жарамды. Негізінен, мал суаруға пайдаланылады.