- Криминалистикалық тактика түсінігі мен бөлімдері.
- Криминалистикалық тактиканың негізгі көздері.
- Криминалистикалық тактика тәсілі.
- Криминалистикалық тактика дегеніміз – ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, ол іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді, ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған заң шеңберінде қолданылатын тиімді де қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.
Криминалистикалық тактика келесі негізгі бөлімдерден тұрады:
— криминалистикалық тактиканың жалпы ережелері;
— тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау- оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері;
— тергеу экспериментінің тактикасы;
— тінту тактикасы:
Криминалистика негіздері 59
-объектілерді танытуға көрсету тактикасы;
-жауапты оқиға болған жерде тексеру тактикасы;
-ұстау тактикасы;
-сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы.
- Криминалистикалық тактиканың негізгі көздері мыналар:
— қылмыстық іс бойынша тергеу мен соттық іс жүргізудің жалпы тәртібін, сонымен бірге алдын ала жүргізілетін кейбір тергеу әрекеті және соттық әрекеттерді реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарының нормасы;
— криминалистика ғылымының басқа бөлім ережелері – жалпы теория, криминалистикалық техника және криминалистикалық методика;
— басқа ғылым бөлімдері – қылмыстық іс жүргізу бөлімі, криминалогия, қылмыстық құқық, сот психологиясы және басқа ғылымдар;
— қылмысты ашу мен тергеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесі.
- Криминалистік тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі – ол тактикалық тәсіл. Тергеушінің тергеу әрекетін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты – осы тергеу әрекетін жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау. Сондықтан қолданылатын тактикалық тәсілдер белгілі бір талаптарға сай болу керек. Тактикалық тәсілдерге қойылатын негізгі талап – оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тұлғаларының құқығын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы.
Тактикалық тәсіл дегеніміз – ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла тәсілдері.
Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты осы ситуацияға тиімді және ыңғайлы тәсіл қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің
Криминалистика негіздері 60
бірнеше түрі бірдей, арнайы бір кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.
Тергеу ситуациясы дегеніміз – ол тергеудің белгілі бір кезеңде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай.
Комбинация дегеніміз – қиылыстыру, былайша айтқанда қиылыстырудың айласы. Операция дегеніміз – ол бір күрделі әрекет.
Тактикалық комбинация мен операция дегеніміз – тергеу үстінде тергеу ситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және олардың белгілі бір кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі.
Тактикалық тәсілдердің негізгі қағидалары:
- әдістің қылмыстық іс жүргізушілік заңға сәйкес келуі;
- әдістің адамгершілік пен этика қағидаларына сәйкестігі;
- әдістің ғылыми негізділігі;
- әдістің қауіпсіздігі;
- әдістің сапалылығы;
- әдістің үнемділігі.