Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау

 

 

Персоналға қажеттілікті анықтау персоналды басқарудағы маңызды бағыт болып табылады. Персоналдың қажетті санын анықтау үшін қажетті мәлімет олардың кәсіби және біліктілік құрамы, өндірістік бағдарлама, өнімділік (уақыт) нормасы, еңбек өнімділігінің жоспарланған өсуі, жұмыс құрылымы болып табылады. Кәсіпорынның персоналға деген жалпы қажеттілігі (А) өндіріс көлемін (К) жоспарланған өнімділікке (Ө) бөлу арқылы табады.

А =К   / Ө                                        (6.8)

 

Адам санын  дәл жоспарлау үшін есептеуді кесімді еңбек ақы алатын, мерзімді еңбек ақы алатын жұмысшылар, маман-қызметкерлер, қызмет көрсету персоналы бойынша саны есептеледі.

Еңбек қабілеттілігі бойынша жұмысшылардың  санын анықтау.

Жұмысшылардың  санын жоспарлауда бір жұмысшының  бір жылдағы жұмыс уақытының балансы жасалады, сағат-адам, сағат-күнмен өлшенеді.

Өндірістік бағдарламаның жоспарлы еңбек сиымдылығы өнім бірлігіне еңбек шығынының жоспарлы нормативін  жоспарланған өнімге көбейту арқылы табылады.

Осы мәліметтер бойынша  кесімді еңбек ақы алатын  негізгі жұмысшылардың саны есептеледі:

Акж = Тжос,тех/ Қж х Кө.н                                     (6.9)

 

Мұндағы  Ак.ж-кесімді еңбек ақы алатын негізгі жұмысшылардың саны

                          Тжос,тех  — жоспарлы технологиялық еңбек сиымдылығы:

                          Қжос — бір жұмысшының жұмыс уақытының балансы

                          Көн -жұмысшының өнімділік (уақыт) мөлшеріның жоспарланған орындалу проценті

Мысалы: Жұмыстардың өндірістік еңбек сиымдылығы бір жылда 2100 мың норма-сағат, бір жылдағы бір жұмысшының жоспарланған жұмыс уақытының қоры — 1870 сағат, өнімділік мөлшеріның жоспарлы орындалуы — 110%

Кесімді еңбек ақы алатын өндірістік жұмысшылардың санын анықтау қажет.

                   Шешуі: Ак.ж.=2100000 x100 /1870 х 1,1 = 1021 адам.

 

Жұмысшылардың санын қызмет көрсету нормасы мен жұмыс орны саны  бойынша анықтау.

Қызмет көрсету нормасы бойынша жұмысшылардың саны  мына формула бойынша есептеледі.

Аж =(М х С / Ну.н) х Кауыс.,                                       (6.10)

 

Мұндағы Аж — жұмысшылар саны;

                М-қызмет көрсету обьектілер саны;

                С- тәулігіне сменаның саны;

               Ну.н— қызмет көрсету нормасы;

               Кауыс — келгендер санын тізім санына ауыстыру коэффициенті.

Мысалы: Цехта қызмет көрсетілетін станоктар саны-120, қызмет көрсету нормасы-8 станок, смена саны-2, бір жылдағы бір жұмысшының номинал жұмыс уақыт қоры-262 күн, нақты 232 күн. Қызмет көрсететін  жұмысшылардың  қажетті тізім санын анықтау қажет.

               Шешуі: Аж= М хС /Нқ.к х Кауыс= 120 х 2 /8 х 1,13 =34 адам

 

Жұмыс орны саны бойынша жұмысшылар санын табу:

Аж = М х С хКауыс                                                                  (6.11)

 

Мұндағы: М-жұмыс орындарының саны.

 

Басшылардың, мамандар мен қызметкерлердің санын анықтау

Олардың санын жоспарлау нормативтік әдіс негізіне жүзеге асады.

Әкімшілік- басқару персоналының санын анықтау үшін Розенкранц формуласы қолданылады:

                      п

           А= ∑ х mі-tі /Т х Квн  +tp/T х Кқ.у.б,н.у.б.                                         (6.12)

                    і=1

 

Мұндағы:  А- белгілі  бір кәсіп, мамандық, бөлімшедегі  әкімшілік-басқару персоналының саны;

                 n- белгілі бір категориядағы мамандардың жүктемесін анықтайтын ұйымдастырушылық-басқару жұмыстарының саны;

                mі-тағайындалған уақыт ішінде (мысалы 1 жыл ішінде) і-ші ұйымдық басқару жұмыс түрі шеңберіндегі белгілі бір іс-әрекеттердің орташа саны

               tі-і-ші ұйымдық басқару жұмыс түрі шеңберіндегі m жұмыс түрін орындауға  қажет уақыт;

            Т- маманның  есептеуде  алынған  календарлық  уақыт аралығындағы  еңбек келісім шартына  сәйкес жұмыс уақыты;

           Кқ.у.б -қажетті уақытты бөлу коэффициенті

           Кн.у.б.— нақты уақытты бөлу коэффициенті

                 tр-алдын-ала (жоспарлы) есептеуде ескеру мүмкін емес әртүрлі жұмыстарға кеткен уақыт.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *