Азаматтық қорғаныстың басты тапсырмаларының бірі тұрғындарды төтенше жағдайларда (бейбіт және соғыс жағдайында) қорғау. Тұрғындарды қорғау шараларын жүргізу, жекеленген обьектілермен аудандардағы қалыптасқан жағдайларға байланысты .
Тұрғындарды қорғаудың принциптері
Тұрғындарды қорғау принциптері «ҚР табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі заңында» көрсетілген
Тұрғындарды қорғаудың негізгі тәсілдері
1 Тұрғындарды қорғаныс құрылыстарында паналауы
2 Тұрғындарды көшіру жұмыстарын қалада жалғастыру үшін өнеркәсіптегі , ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлерді қала сыртына орналастыру.
3 Жеке қорғау құралдарын қолдану
Бұдан басқа тұрғындарға қорғану тәсілдерін үйрету жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындарды сигнал бойынша құлақтандыру, ауыз суларын, тамақтарды, зақымданудан қорғау, барлау жұмыстарын жүргізу. Өндіріс обьектілерінде жұмысшыларды қорғау режимін ұйымдастыру жоспарланады. Сол сияқты өртке қарсы, эпидемиологиялық, санитарлық шаралар, құтқару және шұғыл қалыпқа келтіру жұмыстарын ұйымдастыру да жоспарланады.
Тұрғындарды көшіру және қала сыртына орналастыру.
Адамдарды қала сыртына орналастыру дегеніміз- соғыс жағдайында обьектілерде жұмыс істейтін жұмысшыларды және қызметкерлерді жұмыстан босаған уақыттарда ұйымдасқан түрде қала сыртына тасымалдап жүру және бөліп – бөліп орналастыру.
Адамдарды көшіру дегеніміз – эвакуациялау, қаладан, зақымдалған аймақтардан тұрғындарды белгілі бір уақытқа тұрақты түрде қала сыртына орналастыру.
Адамдарды көшіруді ұйымдастыру.
1 Өнеркәсіптік принцип бойынша жұмысшыларды, қызметкерлерді және олардың отбасыларын.
2 Өнеркәсіппен байланысы жоқ тұрғындарды территориялық принцип бойнша көшіреді.
Тұрған жерлеріне байланысты көшіру жұмыстарымен азаматтық ьқорғаныс штабы ( объектінің) және көшіру комиссиясы жүргізеді.
Тұрғындарды көшіруүшін транспорттың барлық түрлерін пайдаланады:
Темір жол транспорты, су транспорты, теплоходтар, жүк вагондары, жүк кемелері, баржылар, автобустар.
Тұрғындарды көшіру план бойынша жүргізіледі.
Көшіру органдары
*Көшіру комиссиясы – республика, облыс, қала,қалалық ауданда, мекемелерде, ұйымдарда, құрылады. Көшіру комиссиясының төрағасы бірінші басшының орынбасарларының бірін тағайындайды.
*Көшірілгендерді қабылдау комиссиясы ауданда, ауылдық жерлерде көшірілгендерді орналастыратын территорияда құрылады.
*Жиналу пункті. Ірі обьектілерде эвакуациялық жиналу пункттері ұйымдастырылады. Олардың атқаратын қызметтері:
көшірілетіндерді тіркеу және отырғызу пункітіне жөнелту (әртүрлі транспортпен)
*Көшірудің аралық пункттері. Көшірілген тұрғындарды қысқа дем алдыру үшін құрылады.
* Көшірілген адамдарды қабылдау қабылдау пункттері. Көшірілгендерді орналастыру үшін түсіру пункттерінде ұйымдастырылады . Қабылдау комиссиясын ұйымдастыру әкімшілігіне жүктеледі.
Жаяу жүру тәртібімен де көшіріледі. Жаяу жүру тәртібі: колоннада 300-1000 адам болады, немесе 50-100 ге дейін группаларға бөліп тастайды. Жүру жылдамдығы 4-5 км / сағ, жүру уақыты бір күн, әрбір 1-1,5 сағатта 10-15 минут үзіліс жасап отырады.
Медициналық көмек: 1-2 медицина қызметкері (1 поезға, 1 колоннаға)
Тұрғындардың көшіру ретін анықтау үшін оларды үш топұа бөледі.
1 топ соғыс жағдайында жұмыстарын қалада жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары.
2 топ соғыс жағдайында жұмыстарын қауіпсіз аймақта жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары.
3 топ студенттер, мұғалімдер, пенсионерлер, жұмыссыздар, коммерциялық структураның, мемлекеттік емес мекемелердің жұмыскерлері т.б.
Көшіру түрлері
*Жекелеп көшіру.Жалпы көшіру басталғанға дейін тұрғындарды алдын-ала бөліп көшіру
* Уақытша көшіру. Тұрғындарды т.ж. туындау қауіпі болғанда қауіпті аймақтан қауіпсіз аймаққа уақытша көшіру
*Көшірілгендерді жинақтап орналастыру( рассредоточение). Соғыс жағдайында категориялы қалалардан жұмыстарын қалада жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары.
Жеке басты қорғау құралдыры.
Тұрғындарды және құрылымдардың жеке құрамын қорғау үшін жеке басты қорғау құралддарының да атқаратын маңызы зор.
Жеке басты қорғау құралдары адам ағзасын, тері қабаттарын және киімдерді радиоактивті, улы және бактериялық заттардан қорғайды. Олар дем алу органдарын және тері қабаттарын қорғайтын болып бөлінеді.
1 Дем алу органдарын қорғайтын құралдар: сүзгіш және бөлгіш противогаздар, респираторлар, шаңға қарсы тканьды маскалар (противопыльные тканевые маски- ПТМ) және мақталы – марлылы байлағыштар.
2 Тері қабаттарын қорғайтын құралдар:
Арнайы қорғайтын бөлгіш киімдер, қорғағыш, сүзгіш киімдер және тұрғындарды қорғауға икемделген киімдер.
Қорғау принциптері бойынша жеке басты қорғау құралдары сүзгіш және бөлгіш болып бөлінеді.
1 Сүзгіш ауа зиянды заттардан сүзіледі.
2 Бөлгіш адам ағзасы қоршаған ортадан материалдар арқылы бөлінеді (өткізбейді)
Дайындау тәсілдері бойынша:
1 Өнеркәсіпте дайындалған
2 қарапайым тұрғындардың қолда бар материалдарынан дайындалған
Жеке басты қорғайтын құралдармен тұрғындарды қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
1 Обьектілерде бкеріледі
2 Өнеркәсіптерде пайдаланатын қорғау құралдарын пайдаланады.
3 Тұрғындар өздері дайындап алады. (тканьді және мақталы – марлылы маскалар)
4 Тері қабаттарын қорғайтын құралдар: Накидкалар, плащ, резеңкелі аяқ – киім, перчаткалар.
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.
Т.а.қ.қ. – тыныс органын және көздерін зиянды заттардың әсерінен қорғайтын құралдар – противогаздар.Азаматық пртивогаздар тыныс алу органдарын 30-100мин қорғай алады.
Сүзгіш противогаздар дем алатынг ауаны әртүрлі зиянды заттардан сүзіп тазалайды.
ГП-5, ГП- 4у, ГП – 5м.
1 Сүзгілі – жұтқыш коробка
2 Беттік бөлік, шлем- маска, маска
3 противогазға арналған сумка.
Терлемейтін пленкасы бар коробка
Бөлгіш противогаздар.
БП – тыныс алу органдарын көздері, беттің терілерін ауадағы барлық зиянды заттардың әсерінен қорғайды. БП противогаздары СП – дардың қорғауды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмаған жағдайда және ауада оттегі жеткіліксіз болған жағдайда пайдаланылады.
БП- оттегімен қамтамасыз етіп отыратын регенерациялық патроннан, беттік бөліктен, дем алу қапшығынан, каркастан және сумкадан тұрады.
Т. Маска және М.М повязка қолдан жасалады.
Терілерді қорғау құралдары — бөлгіш- резинкаланған тканьдардан дайындалады. Сүзгіш құралдар – қорғағыш сүзгіш киімдер.
Қарапайым құралдар – кәдімгі аяқ – киім, плащ, драп пальто, тері польто, резеңке етік, теріден жасалған етік, перчаткалар (резеңке, тері).
Дозиметрлік приборлар.
Радиоактивті заттарды анықтау сәулелердің (нейтрон, гамма, бетта, альфа) заттарды иондай алатын қасиетіне байланысты болады. Иондау кезінде заттар физикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістерді приборлармен өлшеуге болады. Мұндай өзгерістерге: заттардың (газдар, сұйықтар, қатты материалдар), электр өткізгіштігі , люменсценсия, фотопленкаларды засвечение және кейбір химиялық ерітінділердің түстерінің, электр кедергілерінің өзгеруі жатады. Бұл сәулелерді анықтау үшін фотографиялық, сцинтилляциондық, химиялық, ионизациялық тәсілдерді пайдаланады.
1Фотографиялық тәсіл.
Ф.Т – фотоэмульсияларды қараю дәрежесіне байланысты. Сәулелердің әсерінен күміс бромының молекуласы күміске және бромға ыдырайды. Ыдырау нәтижесінде күмістің ұсақ кристалдары комда болып, фотопленканы проявить еткен кезде оны қарайтады. Қараю тығыздығы жұтылған энергияның мөлшеріне тура пропорционал. Қараю тығыздығын эталонмен салыстыра отырып, жұтылу дозасын анықтайды. Фотодозометрдің жұмыс істеу принципі осы жағдайларға негізделген.
2 Сцинтилляциялық тәсіл.
Кейбір заттар (Күкіртті цинк, иодты натрий) сәулелердің әсерінен жарық шығарады.Шығарған жарықтың (вспышка) мөлшері жұтылу дозасының қуатына тура пропорционал және бұл жұтылған дозаны арнаулы прибор радиоактивті зақымдалуын бақылау жасайды.
Радиациялық бақылау – радиация деңгейін анықтайды.
Иондық тәсіл. Қазіргі заманғы дозиметрлердің жұмыс істеу принципі иондық тәсілге негізделген
Приборлар жеке дозиметрлер комплектісі:
ДП- 22В 50 жеке қалталы дозиметрден және зарядтың қондырғыларынан тұрады. (3Д — 5)
ДКП- 50 А – дозиметрлер.
Дозиметрлер көмегімен:
А) Зақымдану аймағында радиация деңгейін анықтайды.
Б) Адамдардың, үй жануарларының алған экспозициялық жұтылу дозасы.
В) адамдардың, үй жануарларының, техника транспорт, құрал- жабдықтар, киімдер, тағамдар, сулар және т.б обьектілердің радиоактивті заттармен зақымдану дәрежесін анықтайды.
Жеке бастың дозиметрлер комплектісі.
ДКП-50 Адамдарға экспозициялы жұтылу дозасын анықтайды. Дозиметр комплексінен және зарядтау қондырғысынан тұрады. Сәулелерді анықтауда иондау тәсілін қолданады.
0 – 50 р. 1 – 2 р-ге тең.
Доза қуатын анықтау дозиметрлері.
ДП-5А , ДП – 5В радиация деңгейін анықтайды.милирентген в час.Гамма сәулелерін және бетта сәулелерін анықтауға болады.
Радиоактивті зақымдану жәрежесі 15-20 м қашықтықта 1,5-2 см бетпен өлшенеді.
Кесте3 Доза қуатын өлшеу шектері
Поддиапазондар |
Өлшеу бірліктері |
Өлшеудің шектері |
I |
Р/сағ |
5-200 |
II |
мр/сағ |
500-5000 |
III |
мр/сағ |
50-500 |
IY |
мр/сағ |
5-50 |
Y |
мр/с ағ |
0,5-50 |
YI |
мр/сағ |
0,05-5 |
Химиялық бақылау приборлары.
1 Химиялық бақылау приборлары (ВПХР), (ПХР)
2 Пробалар алып химиялық лабороторияларда анықтау.
Химиялық бақылау приборларымен уландырғыш заттарды ауада, топырақта, техникада әртүрлі заттарда анықталады.
Медициналық химиялық бақылау және ветеринарлық қызметке арналған приборлар техникада жергілікті жерлерде У.З анықталады.
МХБ және ВҚАП арқылы су, топырақ және басқа да материалдардың пробасын алып инфекциялық қоздырғыштарды анықтау үшін
Медициналық қорғау құралдары:
Iжеке бас аптечкасы АИ-2
1 1 Ұя- ауруды бәсеңдететін шприц- тюбик (күйген, жара, сыну)
2 2 Улану процесін әлсірететін дәрі
3 №1 бактерияға қарсы 5 ұя (тетрациклин, гидрохлорид)
4 №2Бактерияға қарсы 3 ұя (сульфадиметоксин)
5 Радиациядан қорғау таблеткасы 4 ұя (6 таблетка цистамин)
6 ьрадиациядан қорғау №2 (КУ -10 таблеток)радиациядан кейін әсерді әлсіреті үшін
II Жеке бастың химиялық әсерге қарсы пакет
1 мақталы- марлылы тамка
2 сұйық ерітінді
III Пакет байлайтын (перевязанный)