Жоғары мектепте белсенді оқытудың ерекшеліктерін атаңыз

Белсенді оқытудың күшті және әлсіз жақтары қандай?

Алдыңғы жүз жылдықтың 90-жылдары оқытудың әдістемесінде әрекеттік амал кең орын алған. Оның негізінде уәж бен қажеттілік, мақсат пен оған жету шарттары, қызметтер мен операциялар арқылы сипатталатын адамның белсенділігі, яғни іс-әрекеті жатыр. Әрекеттік амал әдістемедегі зерттеулерді ынталандырды, осыдан келіп танымдық қызығушылықты дамытуға, оқытудағы белсенділік пен дербестік, ұғымдарды қалыптастыру заңдылықтарын ашты. Осылайша, жүйелілік және әрекеттік амалдар педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі болып саналды.

Педагогиканы оқыту әдістемесінің сапасы мен тиімділігін жетілдіру міндеттерін шешудің көзі студенттердің оқу белсенділіктерін арттыру болып отыр. Оның мәні тек студенттердің оқу материалын меңгеріп қоюында ғана емес, студенттердің танымдық іс-әрекетке деген қатынасын қалыптастыруда болып табылады. Сол үшін практикада оқытудың белсенді әдістері кеңінен қолданылады.

Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.

Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:

-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;

-білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс.

Енді педагогиканы оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің кейбіріне тоқталып өтейік.

«Жұптасқан дәріс» әдісі – бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық және диалогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі.

Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты.

Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын практика жүзінен көруге болады. Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей, проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі.

Екіншіден, студенттердің аяқ астынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы араласқан сәтте еріксіз түрде өз назарын бір субьектіден екінші субьектіге аудару сияқты психологиялық аспектілері өте құнды. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға аударудың психологиялық механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды.

Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық.

Әдістің «артықшылығы»:

-студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;

-студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;

-оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.

Әдістің «кемшілігі»:

-алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді.

Пікірталас әдісіоқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Бұл әдіс проблемалық жағдаятқа негізделген және семинар сабақтарында кеңінен қолданылады. Пікірталастың туындауына теорияны қорытулар мен ережелер, қағидалар, теорияны практикамен алмастыру, ғылым мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады.

Пікірталас түрлері:

-топ оқушыларының жалпылама түрде бір проблеманы шешу барысына аяқ астынан пайда болатын пікірталас;

-әр түрлі педагогикалық құбылыстарға өзіндік ұстанымын білдіру үшін сенімін қалыптастыруға бағытталған пікірталас;

-арнайы педагог туындатқан нақтылы ақпарат пен дәлелді дәйектерге сүйенген оқу пікірталас.

«Күшті» жақтары

«Әлсіз» жақтары

-диалогтік қарым-қатынас дағдылар жетіледі;

-сыни ойлау дамиды;

-қаралатын мәселе бойынша білімдері толықтырылады

-барлық тақырыпты пікірталас әдісі арқылы оқытуға келмейді;

-пікірталас әдісін барлық студент бірдей қолдана алмайды;

-дайындық үшін қосымша уақыт керек

«Шағын топтар» әдісі – оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі.

«Артықшылығы»

«Кемшілігі»

-топта жұмыс істеу іскерліктер дамиды;

-белсенділік, бастамашылық, дербестік секілді қасиеттер жетілдіріледі;

-шығармашылық қабілеттер дамиды

-дайындық үшін қосымша уақытты талап етеді;

-студенттердің барлығы бірдей топта жұмыс істеу әдісін біле бермейді

«Тірек конспектілер» әдісі – оқу материалын меңгеру мен бекіту ақпарат көздеріне (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалықтар, дәріс конспектілері және т.б.) қарай бірнеше рет қайталау нәтижесінде жүзеге асатын оқыту тәсілі.

Бұл әдісті семинар және практикалық сабақтарда қолдануға болады

«Артықшылық» жақтары

Орындалуға тиіс міндетті шарттар

-оқу материалын бірнеше рет қайталау;

-студенттерді бірлескен жұмысқа тарту;

-танымдық белсенділігін арттыру

-студенттер мұндай жұмыстың әдістемесімен таныс болуы шарт;

-әдісті студенттердің сабаққа нашар даярланып келген уақытында ғана қолданған дұрыс

Оқытудың жекеленген жүйе» әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей оқу материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, юниталар, слайд-дәрістер, курстық кейстер арқылы меңгеретін оқыту тәсілі.

Бұл әдіс дәріс өткізу барысында, сонымен қоса сырттай оқу түрі студенттерімен жұмыс істегенде, қашықтықтан оқыту формасында жақсы қолданыс тапты. Бұл әдістің ерекшелігі оқу курсының мазмұнын модульдерге бөлу болып табылады.

«Мықты» тұстары

«Әлсіз» тұстары

-оқу үдерісін жекелеу, даралау;

-білім алушылардың өзін-өзі басқаруларын дамыту;

-студенттердің мүмкіндіктерін есепке алу

-студентердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін қосымша уақыт керек

«Миға шабуыл» әдісі – студенттердің ғылыми және практикалық проблемаларды шешудегі дәстүрлі емес жолдарын іздестіретін ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған оқыту тәсілі. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:

  1. Проблеманы анықтай алу немесе проблемалық жағдаят туғызу.
  2. Талдаусыз және дәлелсіз әр түрлі ойларды алға шығару.
  3. Ойларды, ұсыныстарды теориялық, эмпирикалық жағынан тексеру, талдау.
  4. Үздік ойларды таңдау және бағалау.

Әдістің құрылымы екі бөліктен тұрады: біріншісі – ойларды шығару, екіншісі – ойларды дамыту және қорғау. Бұл әдісті көбінесе семинар сабақтарында кейде дидактикалық мақсатты ескере отырып дәріс сабақтарында да қолдануға болады.

«Мықты» тұстары

«Әлсіз» тұстары

-танымдық белсенділікті арттыруы;

-оқу материалын білім алушылардың шығармашылық жолмен меңгеруі;

-теорияның практикамен байланысы;

— көңілдің ортақ іске жұмылуы;

-проблеманы шешу кезеңінде ойлау қызметінің күшеюі;

-топта жұмыс істеу іскерліктерін қалыптастыру

-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;

-барлық студенттер «миға шабуыл» әдісімен таныс болмауы мүмкін;

-барлық тақырып осы әдіспен оқытылуы мүмкін емес

«Іскерлік ойындар» әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.

«Іскерлік ойындар» әдісінің «мықты» және «әлсіз» тұстары бар:

«Мықты» жақтары

«Әлсіз» тұстары

-болашақ кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің бір кезенді модельдеуге мүмкіндік береді;

-теориялық білімдерінің нығая түсуіне және оны практика жүзінде қолдануға мүмкіндіктері артады;

-педагогиканы оқуға қызығушылықтары арта түседі

-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;

-ойынды өткізу, ұйымдастыру аудиториялық уақыт аясына сай келе бермейді

 

 

«Дөңгелек үстел» әдісі – педагогика бойынша бұрын өтілген білімдерін бекітуге, оқу материалының жеткіліксіз тұстарын толықтыруға мүмкіндік беретін, педагогика бойынша проблемаларды өздігінен шешіп, талдау жасай алу қабілеттерін дамыта түсетін әрі пікірталас жүргізе білу мәдениетін қалыптастыратын оқыту тәсілі.

Әдіс өзінің «мықты» және «әлсіз» тұстарымен сипатталады:

«Мықты» тұстары

«Әлсіз» жақтары

-студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;

-студенттерге негізгі проблеманы көруге және туындаған жағдаяттағы қарама-қайшылықты табуға үйретеді;

-студенттің өзіне тікелей талдауға қатысуына мүмкіндік береді

-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;

-оқу сабағының уақыт көлемі шектеулі (50 минут)

 

«Кейс-стади» әдісі отандық жоғары оқу орындарында АҚШ, Канада бизнес-мектептерінің тәжірибесінен алынып, қолданысқа еніп отыр. Бұл әдіс аналитикалық іскерліктерді, проблемалық міндеттерді шешудегі практикалық іс-әрекеттерді, ауызша және жазбаша дағдыларды қалыптастырады.

Оқыту кезінде «кейс-стади» әдісін қолдану Дж. Мартиннің «Таным пирамидасында» жақсы көрсетілген. Ғалым әр түрлі формада сабақ кезінде меңгерілетін оқу материалын пайыздық көлемде берген [3]:

 

дәріс – 5%;

оқу –                10%;

аудио әдістер –                      20%;

демонстрация –                                       30%;

пікірталас әдістері –                                          50%;

практикалық іс-әрекет –                                                              70%;

басқаларды оқыту–                                                                                  90%.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *