Емтихан сұрақтарына қойылатын талаптар 

 

ЖОО-да емтихан сұрақтарының талаптары:

Емтихан сұрақтары 3 блоктан тұрады. 1-блок жеңіл сұрақтар; 2-блокта орташа сұрақтар; 3-блокта күрделі сұрақтар; бакалавр студенттердің емтихан сұрақтары 3 блок әрқайсысы 20 сұрақтан 60 сұрақтан тұруы қажет, ал магистр мен докторанттардың сұрақтары ең кем дегенде 45 сұрақтан тұруы қажет. Пән бойынша қорытынды (емтихандық) баға аралық бақылау мен қорытынды аттестация үлгерімінің максималды көрсеткіштерінің жиынтығы ретінде анықталады. Мысалы, студенттің 2 аралық бақылау бойынша үлгерімі 98,5% құрайды (7-апта – 97%, 15-апта – 100%), ал қорытынды аттестация үшін – 85%, онда емтихан бойынша баға жиынтығы 90,4%. Әріптік бейнесі – А-, балл бойынша – 3,67, дәстүрлі жүйедегі баға – «өте жақсы». Пайыздық қатынастағы қорытынды баға мына формула бойынша анықталады:  И = (Р1 + Р2): 2 х 0,4 +Е х 0,6, мұндағы: Р1 – бірінші рейтинг бағасының пайыздық мәні, Р2 – екінші рейтинг бағасының пайыздық мәні, Е – емтихандық бағаның пайыздық мәні. Қорытынды бақылау нәтижелері электронды емтихандық ведомостке енгізіледі. Оқу пәні бойынша емтиханды қайта тапсыру аппеляцияға өтініш білдірген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Емтиханды екінші рет тапсыру кафедра меңгерушісінің, дау тудырған жағдайларда факультет деканының өкімімен комиссия алдында қабылданады. Дау туғызған жағдай көбінесе студенттің емтихан бағасына келіспеушілігінен және білімді обьективті түрде бағаламаған кездері туындайды. Жоғары оқу орнындағы оқытудың соңғы кезеңінде студенттер мемлекеттік бітіру емтихандары немесе бітіру жұмыстарын қорғау түріндегі қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Студенттердің емтиханға дайындалуы да өзіндік оқу іс-әрекетінің маңызды түрін көрсетеді, өйткені ол алған білімдерін, іскерліктерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Емтиханға дайындық барысында студенттерге мынандай ақыл-кеңестерді орындауларын ұсынамыз:

-ең алдымен қай бөлімдер қаралып, қайталанатыны туралы жоспар құру керек;

-ең алдымен бөлімнің ең күрделі материалын оқып, қайталаған жөн;

-оқу материалының бір бөлігін оқып біткен соң үзіліс жасап отыру;

-материалды емтихан сұрақтары бойынша қайталап, ең негізгілерін еске ұстап, қысқаша жауабын жазып отыру.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *